Спорт күніне арналған, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өтуі бойынша веб сайтқа ақпарат.

Спорт күніне арналған, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың  өтуі бойынша веб сайтқа ақпарат.

 

2012 жылдың 18 тамызында  № 2 лицей, № 4, 8 орта мектеп, № 7  мектеп – гимназияда салынған көпсалалы хоккей корттарының ашылу салтанаттары өтті. Хоккей корттарын ашылу салтанаттарына қала әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдабаева, маслихат хатшысы Қ.Т. Рахимберлина, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, спортшылар, кәсіпорын, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.Лентаны қию рәсімі қала әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдабаеваға, маслихат хатшысы Қ.Т. Рахимберлинағаберілді.  

2012 жылдың 14 – 19 тамыз аралығында бірталай спорттық шаралар өтті.

1.2012 жылдың 14 – 19 тамыз аралығында № 2 лицей және № 7 мектеп гимназиясы көпсалалы хоккей кортарында дене шынықтыру ұжымдары  арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған 12 команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды „Достық“ командасы, 2-ші орынды „Барыс“  командасы, 3-ші орынды „Қоңырат“ командасы иеленді. Жеңіске жеткен және жүлдегер командалар білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамотасы, медальдар және сыйлықтармен марапатталды.

2. 2012 жылдың 17 – 19 тамыз аралығында № 4 және № 8 орта мектеп көпсалалы хоккей кортарында аула командалары арасында футболдан жарыс өтті. Оған 8 команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды „Шашубай“ / № 15 ОМ/ командасы, 2-ші орынды „Олимпик“ / № 1 ОМ/  командасы, 3-ші орынды „Шарм“ / № 17 ОМ/ командасы иеленді. Жеңіске жеткен және жүлдегер командалар білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамотасы, медальдар және сыйлықтармен марапатталды.

3. 2012 жылдың 18 – 19 тамыз аралығында БЖСМ -нің

көпсалалы хоккей кортында спорт ардагерлері арасында футболдан жарыс өтті. Оған 6 команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды „Әділет“  командасы, 2-ші орынды „Ер ардагер“ командасы, 3-ші орынды „Балқаш -ломбард“ командасы иеленді. Жеңіске жеткен және жүлдегер командалар білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамотасы, медальдар және сыйлықтармен марапатталды.

4. 18-19 тамыз аралығында „Металлург“ МС –ның спорттық

алаңында стритболдан ерлер және әйелдер арасында (аула баскетболы) қала біріншілігі өтті. Оған 5  әйелдер командасы, 7 ерлер командасы қатысты. Қорытынды бойынша әйелдер арасында: 1-ші орында „Ника“, 2-ші орында

„Жастар“, 3-ші орында „Олимпионики“; ерлер арасында  1-ші орында „МК“, 2-ші орында „НСК“, 3-ші орында „Жастар“.  Осы командалардың барлығы білім, дене шынықтыру және спорт бөлмінің грамотасы, медальдар және сыйлықтармен марапатталды.

5. 18 тамызда қалалық жағажайда ерлер және әйелдер арасында

жағажай волейболынан 18 команда қатысқан жарыс өтті.    

Барлық қатысқан жеңіске жеткен қатысушылар  грамоталар, медальдар және сыйлықтармен марапатталды. 

Дата: 21.08.2012, 11:25 Автор: Школы и сады г. Балхаш