«Мектепке жол» акциясының өткізілу барысы туралы ақпарат

«Мектепке жол» акциясының өткізілу барысы туралы  ақпарат

 

Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын (бұдан әрі – акция)  2012 жылы тиімді ұйымдастыру мақсатында Балқаш қаласы әкімдігінің қаулысымен  Акцияны дайындау мен өткізу бойынша  ұйымдастыру комитетіқұрылып, балаларды мектепке жинау бойынша аз қамтамасыз етілген  отбасыларына көмек көрсету жөнінде нақты шараларды әзірлеу және оны іске асыру, жалпы оқыту проблемаларын шешуде ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім беру органдарының мемлекеттік емес құрылымдармен, оның ішінде қоғамдық, жеке меншік ұйымдармен және меценаттармен өзара қарым-қатынастарды жандандыру жұмыстарынжүргізу енгізілген іс-шаралар жоспары бекітілді.

2012 жылғы 3 тамызда «Жалпы оқумен қамту проблемаларын шешуде және аз қамтамасыз етілген оқушыларға көмек көрсетуде мемлекеттік органдардың,  мемлекеттік емес құрылымдардың өзара қарым-қатынастары» тақырыбында қала әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының төрайымы, Ацияны ұйымдастыру мен өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің төрайымы Б.Молдабаваның басшылығында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қарамағында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға жекелей көмек көрсету бойынша қоғамдық штаб өз жұмысын бастады, 2012 жылғы 8 тамызда  мектепке балаларды дайындауда аса көмекті қажет ететін 35 қала тұрғынынан өтініш түсті, оның ішінде 1 сыныпқа - 14 бала барады.

Сонымен қатар, білім ұйымдарында шұғыл желілердің, «сенім» телефондарының, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы  ұйымдастырылды.

Акция туралы қала тұрғындарын ақпараттандыру үшін ақпараттық-насихаттых шаралар ұйымдастырылды: қаланың басты көшелеріне акцияның логотипі, шұғыл және байланыс телефондары көрсетілген баннерлер орнатылды, плакаттар, парақшалар,хаттар мен жарнамалық буклеттер  таратылуда.

Дата: 8.08.2012, 12:23 Автор: Школы и сады г. Балхаш