Олимпиадалық ойындар!

Олимпиадалық  ойындар!

 

«Бөбек» балабақшасының мақсаттарының бірі- денсаулық сақтау орталығын жетілдіру, балалардың физикалық, психологиялық дамуын нығайту және бекіту болып табылады.Бұл мақсатты шешу үшін педагогтар денешынықтыру және сауықтандыру жұмыстарының жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіруге тырысады. Ондай тәсілдердің бір түрі- Олимпиадалық  ойындар.

Олимпиада ойындарын өткізу мақсатымыз- балалардың және үлкендердің денешынықтыру мәдениетіне , салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттыру.

Балаларды еркіндікке , өз күшіне деген сенімділікке , жеңіске жетуге ұмтылуға тәрбиелеу. Өз жетістігіне қана қуанып қоймай, жолдастары үшін де жанкүйер бола білуді үйрету.

Шілденің 27 жұлдызында «Бөбек» балабақшасында «Біз- олимпиадалықтармыз» тақырыбында спорт мерекесі өтті. Ол мерекеге ересек, орта топ бүлдіршіндері қатысты.

Мерекеде Олимпиадалық ту көтеріліп, Олимпиада алауы жағылды. Олимпиада құрметіне Құрманғазының  «Балбырауын » күйі тәрбиеші Жаманбаева Рашила Тұрлынбековнаның орындауында шалқыды.

Балалар жүгіру, секіру, диск лақтырудан жарысып,Үлкен Олимпиадалық эстафетаға қатысты. Олимпиадалық ұран «Жылдамырақ, Жоғарырақ, Күштірек!» мерекедегі біздің ұранымыз болды.

Дата: 1.08.2012, 2:59 Автор: Школы и сады г. Балхаш