Бокстан жасөспірімдер арасында өтетін ашық турнир

Бокстан жасөспірімдер арасында өтетін ашық турнир

2012 жылдың 4 – 7 шілде аралығында Балқаша қаласының М. Хамзин атындағы «Мысшылар» мәдениет сарайында бокстан 1997 -98 жылы туылған  жасөспірімдер арасында ашық турнир өтеді.

2012 жылдың 4 шілде күні сағат 15.00 –де М. Хамзин атындағы «Мысшылар» мәдениет сарайын ың үлкен залында турнирдің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Жарылғапов М.С., Олимпиада чемпионы В. Жировтың жаттықтырушысы А.И. Апачинский, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Болат Жұмаділов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге келесі командалар қатысады: Рессей / Омск қ./, Өзбекстан            / Ташкент қ./ Алматы қ.,  Петропавловск қ.,  Павлодар қ.,  Тараз қ., Караганды қ., Темиртау қ., Жезқазған қ. Сәтпаев қ., Аркалык қ.,  Қостанай қ.. Қатсықандар саны 120 спортшы.   

Жарыс 15 салмақ дәрежесі бойынша өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және сыйлықтармен марапатталады.  «Жеңіске деген ынтасы үшін», «Үздік боксшы» және қала әкімінің аранайы сыйлығы тапсырылады.

Дата: 8.07.2012, 10:55 Автор: Школы и сады г. Балхаш