№17 орта мектепте В.В.Маяковскийді еске алу және мектептің 45 жылдығына арналған кеш өтті.

         №17 орта мектепте 13 сәуір  күні В.В.Маяковскийді еске алу және мектептің 45 жылдығына арналған кеш өтті.Бұл кешке қалалық білім бөлімі  әдістемелік кабинетінің  басшысы Ғ.А.Мұсабекова, қалалық білім бөлімінің әдіскері Т.О.Четверикова , мектептің алғашқы түлектері,қаланың тіл мамандары, мектеп оқушылары мен ата-аналар шақырылды.

    В.В.Маяковский өмір сүрген заман келбетін әртістер Евгений Елагин,Прончев Павел, Скляр Ангелина, Даняев Роман,Оландарь Николай, Иванова Александра, Кирей Владислав өте жоғары дәрежеде көрсете білді. Сонымен қатар , автор шығармаларын мәнерлеп оқыды  және романстарды әуелетіп орындады. Танго мен фокстрот биін жандандыра орындаған Цветкова Анна, Мамирова Елена, Оралбекова Анастасия, Кирей Владислав кештің сәні бола білді.

            Бұл іс-шараны дайындап өткізген орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Климкина Л.Н.,Аекина Л.В., Каукенова А.М., Левкович Л.Н. және мектептің көркемдік жетекшісі Мильбрант Н.В.  

 

 

Дата: 20.04.2012, 11:23 Автор: Школы и сады г. Балхаш