Информатика пәні олимпиада

Информатика пәні олимпиада

Информатика пәні олимпиада.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің математика және информатика факультеті, «Қолданбалы математика мен информатика» кафедрасында 2012 жылдың 26 ақпан күні информатика пәні мен бағдарламалаудан 9-11 сынып оқушылар арасында ашық олимпиада өтті.

Олимпиада екі турдан тұрды: бірінші тур- іріктеу,тестілеу әдісімен, екінші тур бағдарламалаудан олимпиада есептерін шешу.

Балқаш қаласының мектептерінен 6 оқушы қатысты. 28 ақпан күнгі олимпиада қорытындысы бойынша №18 мектептің 9 сынып оқушысы Дәулетбек Қайсар (мұғалімі Тұяқов Еркін Қайырбайұлы), 3 дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен және№10 мектептің 10 сынып оқушысы Қасымбеков Арман (мұғалімі Жангалиева Ж.Б.), мен 9 сынып оқушысы Святодух Екатерина  (мұғалімі Смаилова А.В.) Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің грамоталарымен марапатталды. 

Дата: 1.03.2012, 6:00 Автор: Школы и сады г. Балхаш