"Ауғаныстан - жанымның дерті"

 

2012 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан жерінен шығарылғанына 23 жыл толады. Осы елеулі оқиғаға байланысты Ауған соғысы ардагерлерімен қала мектептері және мектеп-интернатының жоғары сынып оқушылары кездесу өткізді. Кездесу  Балалар маслихаты депутаттарының қолдауымен 2012 жылдың 7 ақпанында  Оқушылар сарайында өтті.

 Жылы да, жайлы ынтымақтастық жағдайда жауынгер-интернационалист қонақтар жоғары сынып  оқушылармен өздерінің Ауғанстандағы соғыс кезеңдерінде болған естеліктерімен бөлісті. «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхамедиев Б.М.  соғыс жолдарында өзімен бірге жүрген жауынгер жерлестерінің ерліктері туралы, беріктілік пен адамгершілік қасиеттері жәйлі,  үйлерінен жырақ жүріп өмірлері қауіпке толы болса да, олар өздерінің әскери анттарына, жауынгерлік және адамгершілік міндеттеріне адалдықтарын сақтап қалдық деп әңгімелейді.

Демалыстағы капитан Нұрғалиева Ләззат Мүбәрәк қызы өзінің ағасының қазасы жайлы оқушыларға айтып берді. Жас қыз ештеңеден қорықпай Ауғанстанда әскери қызмет атқарып, адамдардың өмірін сақтап, көмек көрсетті.

         Ауғанстандағы соғыс тарих беттерінде жазылды, бірақ соғыста қаза болған  жауынгерлер біздің жадымызда мәңгі сақталады. Барлық қатысушылар ерлікпен қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

          Ауған соғысы жауынгерлері жайлы естеліктер ұмыт қалмайды, әр кез біздің жүрегімізде, олар әрқашан келер ұрпаққа ерлік пен қайраттылық және батылдықтың үлгісі болып қала береді. Өйткені олар сол қорқынышты соғысты бастан кешіп, айтып беру үшін аман қалған.

Песня „Память“ исполняет вокальная группа сш № 4 и гитаристы сш № 1

Воин-десантник сержант  Аязбаев Мурат Жолдасбаевич

Дата: 14.02.2012, 6:26 Автор: Школы и сады г. Балхаш