Балқаш қаласының білім бөлімі келесі анықтама береді: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымда №254 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне сәйкес, мектепке дейінгі білім мекемесіне орналасу елді мекенге (қала, ауыл, кент) балалардың туған жылына (әр жыл бойынша бөлек) байланысты іске асырылады. 
 Осыған байланысты, https://indigo-balkhash.e-orda.kz/ru порталына өту барысында кезектің номерлік есебі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін әрбір туған жылмен саналады. Кезекке қойылған уақыт пен күні толық сақталады.  
Жас бойынша мерзімі мен жасы бойынша топтар жасы бойынша (толық жасы) әр оқу жылының басында, яғни, 1 қыркүйектен анықталады. Балқаш қаласының көптеген мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 2 ден 3 жасқа дейінгі топтар ашылған. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері тізімдері мен 2 ден 3 жасқа дейінгі топтарда орындардың болуын көруді және мектепке дейінгі мекемеге жолдаманы алуды  https://indigo-balkhash.e-orda.kz/ru сайты арқылы іске асыра аласыз. 
Сайт жұмысы толық іске қосылған, туындаған сұрақтар бойынша Балқаш қаласы білім бөлімінің 44104 телефонына хабарласа аласыздар.
Дата: 15.01.2021, 14:28 Автор: Школы и сады г. Балхаш