«Балқаш қаласы білім бөлімі» ММ-нің басшысы Г.Агдарбекованың оқу жылының аяқталуымен құттау сөзі

«Балқаш қаласы білім бөлімі» ММ-нің басшысы Г.Агдарбекованың оқу жылының аяқталуымен құттау сөзі

Құрметті әріптестер, ата – аналар, оқушылар!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Биылғы оқу жылы Балқаш қаласының білім саласының қалыптасуында түрлі жетістіктерге және жарқын жеңістерге, есте қаларлықтай семинарларға, конкурстарға, жобаларға, арнайы мектеп күндеріне, мектеп форумдарына, қызықты және көрнекті адамдармен кездесулерге толы болды!

Әрқайсыңыз үшін ол әр түрлі болды, біреу үшін-жаңа ашылым, маңызды оқиғалар, біреулер үшін-білім мен дағдының қарапайымдылықтан күрделіге серпін жасайтын жаңа ойлармен, жоспарлардың биік белестері десекте болады.

Әсіресе төртінші тоқсан ерекше қиын және күрделі болды. Көп нәрсе өтті, зерттелді, ашылды.

Кейбір жерлерде қиын болса да, бәрі ойдағыдай шешімін таба алдық! Сіздердің әрқайсыларыңыз қашықтан оқыту үрдісінің лайықты аяқталуына өз үлестеріңізді қостыңыздар.

Құрметті ұстаздар, сіздерді оқу жылының аяқталуымен және соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып, кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтамыз! Сіздерге жұмыстарыңыз сәттілік әкелсін. Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз!

Ата-аналар қауымына бізбен бірге болып, қолдау көрсеткені үшін және оқушыларға аса жауапкершіліктерімен білімге деген құштарлықтары үшін үлкен рақмет!

Оқу процесі толық көлемді игерілді. Сіздер әлеуметтік желілер арқылы қашықтықтан оқытудың әр тәжірибесімен бөлісіп, көптеген акциялар, челлендждер, бейнеанонстар жасалды. Әр мектептің оқушылары мен ата-аналар қауымының белсенділігі өте жоғары деңгейде болды!

Құрметті балалар! Сіздер ерекше еңбек етіп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жаңашыл біліммен сусындап, өмірде қолдануға мүмкіндіктеріңіз болды. Қазір ең әдемі уақыт-жазғы демалыс. Сіздерге көңілді демалыс және жаңа күш-қуат тілейміз. Бұл баға жетпес уақытты компьютерде отыруға емес, кітап оқумен, қарым-қатынастан, айналамыздағы сұлулықты білуден ләззат алыңыздар.

Құрметті Жастүлек! Алғаш рет сіздер үшін соңғы қоңырау ерекше онлайн режимінде өткізіледі.

Бүгінгі күн сіздер үшін айшықты да айқынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күн десек болады. Болашақта көздеген арман-мақсаттарыңа қол жеткізіп кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!

Жаңа оқу жылында кездескенше!

Дата: 25.05.2020, 15:50 Автор: Школы и сады г. Балхаш