«Менің тату отбасым» тақырыбында 10000 аса адамды қамтыған сынып сағаттар мен іс-шаралар өтті

«Менің тату отбасым» тақырыбында 10000 аса адамды қамтыған сынып сағаттар мен іс-шаралар өтті

2020 жылдың 11-15 мамыр аралығында қаланың барлық білім беру ұйымдарында онлайн форматта қашықтықтан «Менің тату отбасым» тақырыбында 10000 аса адамды қамтыған сынып сағаттар мен іс-шаралар өтті. Бұдан бөлек, мамыр айының алғашқы жартысында  30 жас сәнқой қыздарымыз бен олардың ата-аналарын қамтыған «Эко-мода» қалалық отбасылық сайысы өтті. Сонымен қатар, «Отбасы – шабыт бастауы» атты отбасылық шығармашылық сайысқа 40 тан аста балқаштық отбасылар қатысты. 13 мамыр күні әлеуметтік желіде «Менің тату отбасым» отбасылық челленджі бастау алды.

Барлық өткізілген іс-шаралар әр адамның өмірінде отбасының маңызын көрсетіп, отбасының әр мүшесіне деген жағымды қарым қатынасты нығайтып, руханилық пен адамгершіліктің қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шаралардың мазмұны оқушылардың бойында өзінің тектілігін зерделеуге деген қызығушылықты, өз отбасының мүшелері үшін мақтаныш сезімі мен олардың алдында өз жетістіктері үшін жауапкершілікті, баланың өміріндегі отбасының рөлі, отбасындағы құқықтар мен отбасы мүшелерінің бір-бірінің алдындағы міндеттері,  отбасылық қарым-қатынастағы адамгершілік және құқықтық аспектілерді дамытуға негізделді.

 

Дата: 15.05.2020, 12:06 Автор: Школы и сады г. Балхаш