2020 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Балқаш қаласының балабақшалары облыстық вебинарға қатысып

2020 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Балқаш қаласының балабақшалары облыстық вебинарға қатысып

2020 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Балқаш қаласының балабақшалары облыстық вебинарға қатысып, тікелей желі арқылы облыстағы әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Балақай» балабақшасының директоры З. К. Мұхаметжанова«Үздік тәжірибелер: балабақшада дамыту әдістемелерін қолдану өзектілігі» тақырыбында баяндама жасады.

«Халық педагогикасы балабақшада: ерекшеліктері, әдістері, құралдары» атты тақырыппен өз іс – тәжірибесімен «Жұлдыз»  балабақшасының директоры Жакишева К.Б. бөлісті.

«Бөбек» балабақшасының директоры Жазбекова Ж.Т., және балабақша әдіскері  Базарбаева К.М.  мектепке дейінгі топтарда логикалық тапсырмаларды «Дойбы ойнау»  жобасы аясында  жаңа технология әдістерімен ұштастыра қолдана отырып, балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялдарын ұштау, тапқырлыққа  жетелеуі бойынша іс- тәжирибемен бөлісті.

«Мектепке дейінгі жаратылыстану ғылымдары академиясы» жобасы аясында «Ертөстік» балабақшасының директоры Г.А.Қуатбекова «Керемет ғылым: білу, тану, дамыту. Эксперимент – қоршаған ортаны тану мүмкіндігі» вариативтік курсын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Вебинардың модераторы – ОӘО әдіскері А.Х.Калмагамбетовақорытындылай келе, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыратынын, оны қызықты, нәтижелі, заманауи етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жаңа білім беру бағдарламалары баланың даралығына және оның отбасының сұраныстарына бағытталған тәрбие-білім беру процесінің вариативтілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата: 14.05.2020, 9:35 Автор: Школы и сады г. Балхаш