«Адал көмек» жобасы аясында тікелей эфир өтті

Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні «Адал көмек» жобасы аясында тікелей эфир өтті. Аталған шараға білім бөлімінің мамандары қатысты. «Заң және жасөспірім: ата-аналар жауапкершілігі» тақырыбында  жалпы ата-аналармен бірлескен кездесу өткізді. Тікелей эфирде кәмелетке толмағандардың заңды тұлғалары көкейлерінде жүрген: «құқық бұзушылық деген не және оның қандай түрлері бар?», « бала неше жастан әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады?», «кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері», т.б. сұрақтарына жауап алды: Тікелей эфирге 50-ден астам көрермен қосылды.

Дата: 12.05.2020, 18:01 Автор: Школы и сады г. Балхаш