2020 жылдың 8 ақпанында №7 мектеп-гимназия базасында дәстүрлі республикалық «Ақберен» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.

2020 жылдың 8 ақпанында №7 мектеп-гимназия базасында дәстүрлі республикалық «Ақберен» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті, өлең жазу,тапқыр талантын, дарындылығын ашу,олардың әмбебаптық қабілетеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі,түрлі аспапта ойнау т.б.) шығармашылық қабілеттерін анықтау.
Олимпиаданың қалалық кезеңіне білім мекемелерінің 8-11сынып оқушылары арасынан 14 команда 6 номинация бойынша қатысты.
«Ақындар айтысы», «Ақындар мүшайрасы» номинациясы бойынша қазылар алқасына қаламыздың «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Кәрім Нұрдос Маратұлы, «Балқаш өңірі» газетінің редакторы Аманқұлов Қуаныш Сағынтайұлы төрелік етті.
Қазылар алқасы шешімі бойынша, «Ақындар айтысы » номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Қасенхан Махмұт №15 мектеп-лицейі, «Ақындар мүшайрасы» номинациясы бойынша Әбеуов Дидар Абай атындағы №2 лицей, «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Қабдыбек Әділ №7 мектеп-гимназиясы, «Шешендік өнер» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Толеухан Әділхан №25 орта мектебі, «Ұлттық аспапта ойнау » номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Мәжит Әділет №25 орта мектебі жүлделі орындарға ие болып, наурыз айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Қатысушыларға сәттілік!

Дата: 10.02.2020, 16:29 Автор: Білім бөлімі