«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынының ІІІ Облыстық Чемпионаты өтті

«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынының ІІІ Облыстық Чемпионаты өтті

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Қарағанды ​​экономикалық университетінің базасында, «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынының ІІІ Облыстық Чемпионаты өтті, оған облыстың орта мектеп оқушыларынан 16 команда қатысты.Чемпионаттың тақырыбы Абай Құнанбаев пен Абу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметі болды. Балқаш қаласынан  № 4 орта мектептің  Жалын командасы қатысты. Зиялы қауым арасындағы қызу тартыста біздің команда 1 орынға ие болды. Нәтиже Жеңіс кубогы болды! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

 
Дата: 4.02.2020, 11:19 Автор: Школы и сады г. Балхаш