Smartnation.kz – білім беру мекемелеріндегі автоматтандыру Балхаш қаласында белең алуда.

Smartnation.kz – білім беру мекемелеріндегі автоматтандыру Балхаш қаласында  белең алуда.

2020 жылдан бастап Балхаш қаласы мен Караганды облысының басқа да аудандарының тұрғындары өз балаларын балабақшаға кезекке қою және жалпы орта мектептің бірінші сыныбына қабылдауға өтінішті Интернет желісінде Smartnation.kz порталы арқылы жібере алады. Сондай-ақ, орта мектеп басшыларының қызметкерлерді іріктеу және жұмысқа қабылдауды онлайн жүйе арқылы жүзеге асыруға мүмкіндіктері болады. Мемлекеттік қызметтер мен үдерістерді автоматтандыруды Балхаш қаласының Әкімдігінің білім бөлімі Smartnation.kz порталының әзірлеушісі – «Incraft» компаниясымен бірге жүргізді.

Smartnation.kzсайтының мәліметтері бойынша, Балхаш қаласында білім беруді цифрландыру бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйымдар balabaqsha.snation.kz порталына, ал мектептер jumys.snation.kz және  mektep.snation.kz порталдарына іске қосылды. Осы жүйеге қосылған барлық мектептер 2019 жылдың 01 маусымынан бастап электронды түрде бірінші сынып оқушыларын тіркеу үшін өтініш қабылдай алады.

Ағымдағы жылы баласын бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар 01 маусым мен 30 тамыз аралығында (өтініштер қабылдау үшін дәл осы мерзімдер білім Министрлігімен бекітілген ) mektep.snation.kz порталына тіркеліп, өтініш жіберулері қажет. Баланы кезекке қою және жолдама алу үшін balabaqsha.snation.kz порталына авторизациялану керек. Енді осы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО, қалалық білім бөліміне барудың қажеті жоқ, бірыңғай порталдың мүмкіндіктеріне жүгінсе жеткілікті.

Білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдауға да жаңалықтар енгізілді. Білім беру мекемелеріне жұмысқа тұрғысы келетін үміткерлер jumys.snation.kz порталына тіркеліп, өтініш жіберулері тиіс. Мұнда олар 3 кезеңнен өтеді: құжаттарды тексеру, тестілеу және байқау комиссиясы. 3 кезеңнің нәтижелері бойынша аталған бос жұмыс орнының жеңімпазы анықталады,  бұл жұмысқа барынша білікті кадрды алуға және сыбайлас жемқорлықтың орын алу қатерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Портал пайдаланушыларының ыңғайлылығы үшін 8 747 339 7222 нөмірі бойынша контакт-орталық жұмыс жасайды. Контакт-орталығының мамандары ата-аналар мен үміткерлерге өтініш қалдыру сұрақтары бойынша  кеңес бере алады, қажет жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін түсіндіреді.

Білім беру саласындағы сарапшылардың айтуы бойынша, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру білім беру саласының ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған. Smartnation.kz порталы пайдаланушыларға электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қажетінсіз, тек мобильді телефон нөмірі бойынша ғана кез келген компьютерден өтініш жіберу арқылы уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.  Одан бөлек, автоматтандыру жемқорлық деңгейін төмендетуге және өтініштерді өңдеу үдерісін реттеуге ықпалын тигізеді, себебі барлық үдерістер транспарентті және мерзімдермен шектелген. Білім беру саласындағы қызметкерлер де риза: жүйе өтінішті өңдеу үдерісін жеңілдетеді, қабылдау және жалдау бойынша жедел статистика алуға рұқсат береді. Балалар мен үміткерлердің барлық құжаттары электронды түрде түсетіндігі, ал пайдаланушыларды хабарландыру автоматты түрде – SMS және электронды пошта арқылы жүргізілетіндігі қосымша артықшылық болып табылады.

Дата: 27.01.2020, 17:52 Автор: Білім бөлімі