VEX роботтары

VEX роботтары

2019-2020 оқу жылында қалалық оқу бөлімінің жоспарына сәйкес №16 орта мектебі, №4 орта мектебі және №8 орта мектептеріне VEX роботтары алынды. Мұндай роботтарды жасауға арналған жинақтар перфорацияланған металл бөлшектерден - профильдер мен пластиналардан, пластикалық беріліс элементтерінен - тісті доңғалақтар, шкивтер мен дөңгелектер және тағы басқадан тұрады.

Бұл роботтарды алудың себебі «VEX Robotics» жарысы дүниежүзі бойынша өте қарқынды дамуда. 12 жыл бұрын  осы жарыстыVEX компаниясы бастаған. Қазір 50-ден астам мемлекетке қатысу мүмкіндігі берілген. Миллионға жуық команда қатысады. Яғни, Қазақстанға халықаралық деңгейге шығуға бірінші рет мүмкіндік2018 жылы берілген.

Сондай-ақ, республикалық деңгейде өтетін жарыстарда да  биылғы оқу жылылан бастап  VEX роботтары ұсынылған санат енгізілген.

VEX - бұл АҚШ пен Қытайда қолданылатын роботтардың өте танымал түрі. Ол Lego-ға қарағанда танымалырақ. Қазіргі таңда Қазақстанда VEX-пен жұмыс істеу енді ғана басталды.

Бұл өте жақсы білім беру робототехникалық платформасы екенін түсіне келе биылғы оқу жылынан бастап  біраз мектептер ақырындап көше бастады.

Бұл роботтар көптеген нәрселерді жасай алады - мысалы,белгіленген жалаушаларға шарларды тастайды, платформаларға кіріп, берілген алаң шегінде қозғалады және басқа функцияларға жауап беретін роботтар болады..

Оқушылардың қызығушылығы өте жоғары. 2020 жылы АҚШ – та өтетін жарысқа біздің де Балқаш қаласының оқушылары барып қатысып жүлделі орындарға ие болады деген  сенімдеміз.

Жалпы, курс өте қызықты болады деген ойдамын. 

Дата: 18.11.2019, 18:15 Автор: Школы и сады г. Балхаш