Мектептерімізді құттықтаймыз!!!

Мектептерімізді құттықтаймыз!!!

2019 жылдың 21 қазаны күні Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнінен « Қызмет ету қуанышы» республикалық олимпидананың облыстық кезеңі болып өтті. Балқаш қаласы білім мекемелерінен аталған олимпиаданың қалалық кезеңінен жеңіке жеткен үш мектебінің (Абай атындағы №2 лицей, жалпы білім беретін №4 орта мектебі және Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі) 7-9 сынып оқушыларынан құралған топ қатысып қайтты. Ереже бойынша әр топ «Қызмет ету қуанышы» 10 минуттық жобасын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша облыс бойынша барлық қатысқан 27 топтан Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің тобы топ жарып, 1 орынды иеленді. Жалпы білім беретін №4 орта мектебі 2 жүлделі орын алды. Аталған олимпиаданың республикалық кезеңіне №15 мектеп-лицейі жолдама алды. Мектептерімізді құттықтаймыз.

Дата: 25.10.2019, 11:19 Автор: Школы и сады г. Балхаш