Размер шрифта:

"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен қалалық семинар болып өтті

2019 жылдың 6 сәуірі күні "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен қалалық семинар болып өтті. Семинарда наурыз айының 27-28 күндері Қарағанды қаласы шеберлік арттыру орталығы мен НЗМ бірлесе ұйымдастырған облыстық семинарға және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған көктемгі мектепке қатысып келген мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Тақырыбы: "Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері". Бастауыш сынып бойынша барлығы екі топта 73 мұғалім қатысып, модераторлары Толеуова М.М, Қуанышбекова Ж.Қ, Нығанқызы Айгүл, Ноғайбекова А. бірлесе тағы бір мәрте критериалды бағалау мәселелерін талқылап, практика жүзінде тапсырма құрастыруды ұйымдастырды. Басшылыққа алынатын құжаттар қарастырылды.

Дата: 15.04.2019, 17:09 Автор: Школы и сады г. Балхаш