Облыстық педагогикалық «Зерек» жобасы бойынша семинар

2018 жылдың 30 қарашасы күні Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №17 мектеп-лицейде облыстық педагогикалық «Зерек» жобасы бойынша семинар болып өтті. Жобаға Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бұйрығына сәйкес №17 мектеп-лицей енгізілген болатын. Аталған мектептің мұғалімдері Қарағанды қаласында курстан өтіп, оқыту семинарына қатысып қайтқан. Семинарға қала мектептерінің бастуыш сынып мұғалімдері мен шағын орталық, бала бақшалардың әдіскерлері қатысты. Мұғалімдер Айнекова С.А., мен Шубаева Жанель жалпы «Зерек» жобасының мақсат, міндеттеріне тоқталып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың әдіс-тәсілдерін көрсетіп өтті.

Дата: 24.01.2019, 15:17 Автор: Школы и сады г. Балхаш