"Біздің айналамыздағы математика" жобасы аясындағы онкүндік

2018 жылдың қыркүйек айында Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Біздің айналамыздағы математика" жобасы аясында жоспарға сәйкес бастауыш сыныптардың арасында онкүндік болып өтті. Мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау жасау, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытып, алған білімін өмірде пайдалануға үйрету. Онкүндікте 3-4 сынып мұғалімдері арасында педагогикалық олимпиада және оқушылар арасында "Тез есепте" марафоны өткізілді. Марафонның мақсаты тез есептеу жолдарын үйретіп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге машықтандыру. Барлығы қала бойынша мыңға тарта оқушы қатысты. Педагогикалық олимпиадада мұғалімдерге бизнес математика және логикалық тапсырмалар беріліп, дарынды оқушыларды дайындауда логикалық есептерді шешу жолдарын табуды үйренді. Барлығы қала мектептерінен 62 мұғалім қатысып, 46 мұғалім жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Date: 26.11.2018, 15:52 Author: Department