Жаңалықтар

«Ахмет Байтұрсынұлы -ұлттың ұлы ұстазы» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-12 16:29:17
«Ахмет Байтұрсынұлы -ұлттың ұлы ұстазы»  атты сынып сағаттары ұйымдастырылды...
  9-қыркүйек күні 5-9 сыныптар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы -ұлттың ұлы ұстазы»  атты сынып сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, еңбектерінің мәні жоғары екендігін ұғындыру, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздеріне танымал  Ахмет Байтұрсынұлы...

Мектеп фойелеріндегі "Буккросинг"...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-12 15:50:36
Мектеп фойелеріндегі
  Мектеп фойелеріндегі "Буккросинг"  сөрелеріндегі кітаптарды оқуға шақыру, бірге оқу, бірге талқылау іс-шаралары ұйымдастырылды.

"Кітапты бірге оқимыз" атты кітапханалық сағат өтті.

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-12 15:48:20
  Дәстүрлі кітаптың қай заманда да өз орны бар. Кітапханашаның барлық жұмысы кітапты, кітап оқуды насихаттаудан басталады. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында құрылған жоспар бойынша 9 қыркүйекте мектеп кітапханасында "Кітапты бірге оқимыз" атты кітапханалық сағат өтті. 

«Who is the best» байқауын өткізілді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-08 17:24:13
«Who is the best» байқауын өткізілді...
  2022 жылдың 8 қыркүйегінде 8 «А» сыныбында ағылшын пәнінің мұғалімі Коктаева Н. Н. Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған апталық аясында «Who is the best» байқауын өткізді. Сайыстың мақсаты: ағылшын тілін түсінуді үйрету, алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу, логикалық ойлауды дамыту, топта жұмыс істеуді білу, қарым-қатынас мәдениет...

«Әке көрген оқ жонар» атты ұлдар жиналысы болып өтті...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-08 16:52:11
 «Әке көрген оқ жонар» атты ұлдар жиналысы болып өтті...
  8-қыркүйек күні мектебімзде «Әке көрген оқ жонар» атты ұлдар жиналысы болып өтті. Жиналысты АӘД мұғалімі А. Күмісбеков және аға тәлімгер Р. Керімбекова  өткізді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстауы керектігі жайлы айтылды.

Оқырмандар байқауын өткізілді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-08 16:47:16
Оқырмандар байқауын өткізілді...
  2022 жылдың 8 қыркүйегінде 11 «А» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильина Г. А. Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған апталық аясында оқырмандар байқауын өткізді. Тілдер апталығы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды. Оқырмандар сайысының мақсаты: орыс тілі туралы білімдерін тереңдету, Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерімен таныстыру. Бүкіл сыныпқа...

Сынып сағаттары өтті...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-07 18:12:35
Сынып сағаттары өтті...
  Қыркүйектің 8 күні «Отбасы - бақыт мекені» атты  отбасы күні аясында мектебімізде 1-4 сыныптар арасында « Менің Отбасым», 5-7 сыныптарда «Отбасы-шағын мемлекет», 8-11 сыныптарда «Отбасы-бақыт мекені» атты сынып сағаттары болып өтті. Отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, жанұя туралы білімдерін шыңдау, отбасы құндылықтарын сыйлауғ...

Эссе жазу байқауы өткізілді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-07 18:09:00
Эссе жазу байқауы өткізілді...
  Қыркүйектің 6 күні қоғам қайраткері, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл - халық қазынасы, ұлт шежіресі» атты апталығы  аясында  9-11 сынып оқушылар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді. Жазба жұмысының басты мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысу. Оқушылардың сауа...

Оқу сағаттары...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-07 09:43:52
Оқу сағаттары...
  Мектебімізде әр сейсенбі сайын «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқу сағаттары өткізіліп, оқыған шығармалар бойынша талқылау өтеді. "Кітап оқу сағаты" өз жалғасын табуда. Оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген ынтызарлығын ояту, классик жазушылардың, балалар жазушыларының шығармаларын көпшілікке насихаттау.

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында диктант өткізілді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-06 13:45:56
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында диктант өткізілді...
  Қыркүйектің 5 күні қоғам қайраткері, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл - халық қазынасы, ұлт шежіресі» атты апталығы бастау алды. 7-8 сынып оқушылар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында диктант өткізілді. Жазба жұмысының басты мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысу. Оқушылардың сауаттылығын арттыру.

«Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-05 18:34:53
«Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
  5 қыркүйек күні оқушылардың өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында 8-9 сыныптар арасында «Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар пікір алмасып, құқықтық білімдерін ортаға салды.

"Адалдық сағаты" өткізілді...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2022-09-02 16:30:24
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қыркүйектің екісі күні мектебімізде "Адалдық сағаты" өткізілді. Білім алушылар "AMANAT" партиясының Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б. Алтынбековтың ақпаратын тыңдады.

бiрiншiсi 1 23 24 25 26 27 159 соңғысы