Жаңалықтар

«Әуенді бейнелеу» шығармашылық сабағы

Дәреже: Апталық
Дата: 2021-10-16 11:36:25
«Әуенді бейнелеу» шығармашылық сабағы
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Шеберлер әлеміне саяхат» атты эстетикалық сауаттылық апталығының жоспарына сай 12.10.2021 күні №16 жалпы білім беретін мектебінің 3Г сыныбында  музыка пәнінің мұғалімі Куанышбаева Замзагуль Таупыковна «Әуенді бейнелеу» шығармашылық сабағын өтті. Мақсаты: Әуенді қабылдауды...

Әлемдегі үздік мұражайлар әлеміне виртуалды саяхат

Дәреже: Таным
Дата: 2021-10-16 11:19:27
Әлемдегі үздік мұражайлар әлеміне виртуалды саяхат
"Өткенді айтпай, болашақ жоқ" демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында  ұйымдастырылатын мәдениет пен тарихтың негізгі орталарының бірі - мұражайлар. Әлемнің ең үздік галереялары мен мұражайларында болуды армандамаған адам жоқ шығар. Қазіргі уақытта әлемге танымал өнер туындылары сақталған мұражайлары виртуалды түрде де...

Эстетикалық сауаттылық апталығы

Дәреже: Апталық
Дата: 2021-10-16 10:58:35
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11-16 қазан аралығында «Шеберлер әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығы өтеді. Мақсаты: Көркем еңбекке, музыка әлеміне қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. 1 күн «Өнер әлемі»       &nbs...

Облыстық асық ату жарысы

Дәреже: Спорттық іс-шара
Дата: 2021-10-15 11:03:46
Облыстық асық ату жарысы
Қарағанды қаласы "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық асық ату жарысында  №16 ЖББ мектебі жүлделі 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Мұғалімдер арасында ұйымдастырылған "Тоғызқұмалақ" турнирі

Дәреже: Біздің жетістіктеріміз
Дата: 2021-10-11 15:33:23
Мұғалімдер арасында ұйымдастырылған
08.10.2021 күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарының күніне орай мұғалімдер арасында ұйымдастырылған "Тоғызқұмалақ" турнирі өтті. N16 жалпы білім беретін мектебіміздің ұстаздары Жасымхан Нұрғабыл Мырзахайырұлы және Кенбай Әлия Жексенбекқызы қатысып, жүлделі I, II орындарға ие болды. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

"Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы

Дәреже: Ата-аналар жиналысы
Дата: 2021-10-11 15:21:41
8 қазанда №16 ЖББ орта мектебі әкімшілігі "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.  Оған 5-11 сыныптың ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты (барлығы 100 адам). Жиналыста бала құқықтары туралы Конвенцияның баптары таныстырылды, ата-ана құқығы мен міндеті туралы айтылды. Жалпы мектеп оқушыларының тәртібіне тоқталды. Ата-анала...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық пікір-сайыс турнир

Дәреже: Дебаттық турнир
Дата: 2021-10-11 15:12:30
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық пікір-сайыс турнир
07.10.2021 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық пікір-сайыс турнирі өтті. Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ атынан құрамында Фархатов Айбол, Талғатова Алия "Сұңқар" фракциясы қатысып, жүлделі 1 орын алды. Турнирдің "Үздік спикері" болып Фархатов Айбол атанды. Жетекшісі: Аринов Е.А.

"Стриминг - мектеп оқушыларын академиялық қабілеттеріне байланысты бөлу. Қарар: БП стримингті қолдайды"

Дәреже: Дебаттық турнир
Дата: 2021-10-11 15:07:45
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Самұрық» дебат клубы 9-11 сыныптар арасында "Стриминг - мектеп оқушыларын академиялық қабілеттеріне байланысты бөлу. Қарар: БП стримингті қолдайды" тақырыбымен дебат өтті. Іріктеу барысында 4 фракция өтіп, екі команда жоғары деңгейлі ойын көрсетіп, финалға жолд...

Мерекелеріңізбен, аяулы ұстаздар!

Дәреже: Құттықтаймыз!
Дата: 2021-10-11 12:29:03
Мерекелеріңізбен, аяулы ұстаздар!
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Халықаралық қарттар күні

Дәреже: 1 қазан - Қарттар күні
Дата: 2021-10-11 12:14:29
Халықаралық қарттар күні
1991 жылдың 1 қазанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблея шешіміне сәйкес жыл сайын Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Қарттарға қамқорлық — біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Әрбір ардагердің, әрбір қарттың қажеттіліктерін ескеру, оларға қамқо...

7 сыныптар арасында эссе байқауы

Дәреже: Байқау
Дата: 2021-10-11 11:53:15
7 сыныптар арасында эссе байқауы
Әлемнің әміршісі – еңбек. Адамды адам қылған – еңбек. Адамның ақыл-ой өрісі еңбек арқылы дамып жетіледі. Халқымыз " Еңбектің наны тәтті" деп нақты баға бере білген. Адам еңбек ету арқылы материалдық және рухани игіліктерді өндіреді, оларды өз игілігіне пайдаланады. Еңбектің нәтижесінде қоғам өркендейді, экономика нығаяды, халықтың тұрмысы жақсарады. №16 жалпы білім бере...

Қашықтықтан сынып жетекшілерінің жиналысы

Дәреже: Жиналыс
Дата: 2021-10-11 11:38:29
Қашықтықтан сынып жетекшілерінің жиналысы
2021 жылдың 23 қыркүйек күні  №16 жалпы білім беретін орта мектебінде қашықтықтан сынып жетекшілерінің жиналысы өтті. Жиналыста 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие процесінің  ерекшеліктері айтылып таныстырылды. Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы, дебат – зияткерлік рөлдік ойыны, «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» негізгі жобаларының іске асырылатын...

бiрiншiсi 1 80 81 82 83 84 162 соңғысы