Жаңалықтар

Ұлттық валюта-теңге күні

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-11-17 16:30:45
Қарашаның 15 жұлдызында «Ұлттық валюта-теңге күніне» мектебімізде сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатында ұлттық валютаға қысқаша мәліметтер беріліп және слайдтар мен видеороликтер көрсетілді. Оқушыларға теңгенің шығу тарихы мен маңызы насихатталды. Мерекеге орай мектебіміздің бірінші қабатында тақырыпқа байланысты стенд жасалды. Онда теңгеге байланысты мағлұматтар, суреттер ілін...
Автор: №6 ОМ

Мамандық таңдау

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-11-17 16:26:11
12 қараша күні кәсіби бағдар беру мақсатында, мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына мамандықты таңдауға байланысты Қарағанды Экономикалық Университетінің қызметкері келіп, дәріс өткізді. Оқушылар әр түрлі мамандықтармен танысып, өздеріне маңызды мәліметтер алды. Университет қызметкері балаларға таратпа қағаздар берді. Балалар өздерінің білгілері келген сұрақтарына жауабын алды.
Автор: №6 ОМ

Волейбол жарысы

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-11-01 12:43:41
Қазан айының 30 күні мектебімізде 8-11 сынып оқушылар арасында волейбол жарысы өтті. Жеңіске жеткен командаларды мадақтама грамотасымен марапаттады. 1 орын -11А 2 орын -9 класстың қыздар командасы 3 орын -8 класс 3 орын 9 класс    
Автор: №6 ОМ

«Мен мектебімді мақтан етемін» атты оқушылар арасында видео сайысы

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-11-01 12:34:19
 Қазан айының 30 күні Балқаш қаласында мектеп аралық «Мен мектебімді мақтан етемін» атты оқушылар арасында видео сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің атынан 8 сынып оқушылары Ғазизов Ислам және Тиыштықбек Дидар қатысты. Жетекші ұстаздары – Төлеубаева Салтанат Толқынбекқызы. Мектебіміз сайыста жүлделі 1 орынды иеленді.     
Автор: №6 ОМ

Авариялық –құтқару қызметінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне саяхат туралы ақпар

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-11-01 12:23:18
Қазан айының 29 күні  мектебіміздің технология пәнінің мұғалімдері Мауасова Үмітхан Кусмадиевна,Бухатқызы Нуржан 8-9 сыныбының ер балаларымен авариялық –құтқару қызметі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  бөлімшесіне барды.Мақсаты:оқушыларға кәсіби бағдар беру,мамандықтың түрлерімен практика жүзінде таныстыру. Взвод командирі Бөлегенов Жандос бөлімнің ауласында оқушыларды қ...
Автор: №6 ОМ

Абай оқулары-2018

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-30 11:28:15
    Қазан айының 27 күні кентіміздің «Кенші» мәдениет үйінде Саяқ кенті әкімшілігінің ұйымдастыруымен 14-29 жас аралығындағы жастар арасында «Абай оқулары-2018» байқауы өтті.Байқауға кентіміздің жастары,соның ішінде мектебімізден де үміткерлер қатысты.    Бұл байқаудың мақсаты:қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін,Ұлы  Абай шығармашылығын на...
Автор: №6 ОМ

ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы бойынша өткізілген іс-шара ақпары

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-30 11:14:00
Қазан айының 10 күні мектебіміздің мұғалімдер ұжымында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының  өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған жиналыс өткізілді.Елбасының Жолдауындағы жаңа міндеттер тыңдалғаннан кейін ұжым ішінде әрбір пункттер бойынша ұстаздар өздерінің көзқарастарын,ой-пікірлерін айта отырып, Жолда...
Автор: №6 ОМ

Менің жүрегім-сенің жүрегің

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 16:39:05
Қазан айында жүрек күніне орай «Менің жүрегім-сенің жүрегің »  атты мерекелік іс-шара өтті және стенд бұрышы жасалды. Салтанатты жиында жүрек қан тамырлары ауруларының алдын-алу туралы мәлімет берілді. Іс-шарада спорттық ойындар мен мектеп медбикесі оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпарат берді. Бір апта бойы мектеп бойынша таңертеңгілік жаттығулар жүргізілді....
Автор: №6 ОМ

Қыздар арасында

Дәреже: "Мектепке жол" акциясы
Дата: 2018-10-24 16:16:51
  Қыздар күніне орай өткізілген апталықта « Қыздар арасында » атты ток-шоу өткізілді. Бұл бағдарламаға мектеп психологы, медбике мен аналар алқасы қатысты. Ток-шоу барысында Қыз сыры атты жасырын пошта ашылып, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды. Аналар алқасы қыздарға  өз ақыл-кеңестерін айта кетті.             
Автор: №6 ОМ

Дебат

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 16:09:32
Қыздар апталығына байланысты 11 қазан күні 8-11 сыныптар арасында «Ерте тұрмыс құру..........» атты оқушылар арасында дебат өткізілді. Оқушылар жақтау және даттау болып екі топқа бөлініп, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып топтарының намысын қорғап шықты. Ойын барысында оқушылар тақырыпты аша білді және өз ойларын ашық жеткізе білді. Оқушылар қыз өмірі туралы көп мағлұмат жинап,...
Автор: №6 ОМ

Қыздар күніне сауалнама

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 16:05:06
  Қыздар күніне орай өткізілген апталықта оқушылар арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнама ауызша түрде жүргізілді. Қойылған сұрақтардың барлығы қыз баласы жайында болды, оның ішінде қызды қырық үйден тыйым және оның ішіне қандай салт дәстүрлер жатады, қыз  баласын сыйлау, eрте тұрмыс құру туралы жүргізілді. Оқушылар бұл сұрақтарда өз ойларын ашық жеткізді.     
Автор: №6 ОМ

Қыздар күні

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-10-24 16:00:26
   Қазанның 04-14 күндері аралығында қыздар апталығы өтті. 08.10 күні мектебімізде Қыздар  күніне арналған салтанатты жиын линейкасы өткізілді. Жиын «Қыз елдің болашағы!» атты тақырыпта өтті. Салтанатты жиында қыз тәрбиесі мен өмірі жайында қысқаша баяндамалар оқылды. Оқушылар қыз балаға байланысты мақал-мәтелдер айтты және өлеңдер оқыды. Жыйын барысында апталық жосп...
Автор: №6 ОМ

бiрiншiсi 1 104 105 106 107 108 111 соңғысы