Жаңалықтар
«Менің сыныбым буллингке қарсы» атты челлендж
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-05-11 11:35:42
5 мамыр күні мектебіміздің мектеп парламенті мүшелері «Менің сыныбым буллингке қарсы» атты челленджін қабылдап алды. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу, сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
“Таза ғаламшар” тақырыбында қалдық заттардан жасалған бұйымдар көрмесі
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-04-20 18:56:05
Сәуір айының 14 күні мектебімізде «Ақиқат» дебат клубы, «Адал ұрпақ» мүшелері және парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен “Таза ғаламшар” тақырыбында қалдық заттардан жасалған бұйымдар көрмесі өтті. Мақсаты:
-қалдық заттарға екінші өмір сыйлау;
-қалдық заттардан пайдалы зат жасауға үйрету;
-қоршаған ортаны ластамауға тәрбиелеу.
«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» мерекелік кеш
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-03-20 10:34:04
Наурыз айының 7 күні «Жас ұлан» ұйымы, «Ақиқат» дебат клубы, «Мектеп парламенті», «Адал ұрпақ» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
«Алтын жүрек» атты челленджі
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-02-24 10:27:03
«Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ Республикалық «Алтын жүрек» атты челленджін мектеп парламентінің ұйымы қабылдады. Мақсаты: балаларға «сыйластық» құндылығы туралы түсінік қалыптастыру.
«Тәуелсіздік рәміздері» тақырыбында викторина
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-02-21 17:27:54
Ақпан айының 21 күні мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен 6 «а», 7 «а», 8 «а» сынып оқушыларына «Тәуелсіздік рәміздері» тақырыбында викторина өткізілді. Мақсаты: оқушыларға ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Өзотанына, оның рәміздеріне деген сүй...
Кітап тексерісі
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-02-20 00:26:38
Ақпан айының 16 күні аға тәлімгер, кітапханашы, мектеп Парламенті мүшелері оқулықтар жағдайын тексеріп шықты. Мақсаты: оқушыларға оқулықтарды дұрыс сақтау және оларды ұзақ қолдану маңызды екендігін түсіндіру. Соңынан кітапханаға әрбір сынып шақырылып, кітапты күту ережелері таныстырылды. Жыртылған оқулықтарды желімдеп, өңдеу жұмыстары жүргізілді.
«Құқық әліппесі» тақырыбында викторина
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-02-08 10:05:46
Ақпан айының 7 күні құқық және тәртіп фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларына «Құқық әліппесі» тақырыбында викторина өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға әлеуметтік норма мен құқықтық норма ұғымдарына түсінік беру. Құқық пен заң арсындағы байланыстарды түсіндіру. Заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиел...
2022-2023 оқу жылы шыршасы
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-01-09 16:42:05
«Саяқ кентінің жалпы білім беретін №6 мектебі» КММ-де 27-30 желтоқсан күндері аралығында өткен жаңа жылдық шырша мерекесіне «Мектеп парламенті» оқушылары белсене атсалысты.
Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына 4-сынып оқушыларын қабылдау рәсімі
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-12-15 15:07:23
Саяқ кенті №6 ЖББМ-де 14 желтоқсан күні Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына 4-сынып оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынөтті.Ант қабылдау рәсімі 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 31 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Биыл «Жас ұланның» құрылғанына 11жыл. Жыл сайын оларды...
«SHOQAN CUP І» дәстүрлі қалалық пікірсайысы
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-11-28 11:35:16
Қараша айының 25 күні Балқаш қаласының жалпы білім беретін №9 мектебінің ұйымдастыруымен «SHOQAN CUP І» дәстүрлі қалалық пікірсайысы өтті. Мектебіміздің атынан «Болашақ» командасы қатысып, сертификатпен марапатталды.
«Зорлық-зомбылық пен қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында пікірталас турнирі
Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-11-16 15:10:21
«Саяқ кентінің жалпы білім беретін №6 мектебі» КММ-де 16 қараша күні «Ақиқат» дебат клубының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылық пен қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында пікірталас турнирі өткізілді. Турнир АПФ форматында өткізіліп, «Жалын» және «Болашақ» командалары қатысты. Нәтижесінде жоғары ұпаймен «Болашақ» команда...