2019 жылғы жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржылай көмек бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2019 жылдың 18 ақпанындаБалқаш станциясмы 59 үй, 2-ші пәтерде тұратын 11 сынып оқушысы Серікбол Ерасылдың үйінде өрт болуына байланысты оқушының отбасына жалпыға бірдей білім беру қорынан  қаржылай көмек бөлінді.

           2019 жылдың 10 сәуірде лицейде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілері және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын оқушыларға киім, аяқ-киім алу үшін 66 оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорынан  бөлінген қаржылай көмек ата-аналарының есеп шоттарына  аударылды.

         2019 жылдың 23 мамырында  лицейімізде 2 жетім 2 ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын оқушыларға  жаздық киім-кешек алу үшін 4 оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржылай көмек қамқоршыларының  есеп шоттарына  аударылды.

         2019 жылдың 27 мамырындажан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілері және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын 16 оқушыға  қала сыртындағы «Жас қанат» сауықтыру лагеріне және аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан 19 оқушыға лицей жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерлеріне жолдама берілді.

    2019 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін «Мектепке жол» Республикалық акциясы мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамту, жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезінде күнкөрісі төмен және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келмей қалу жағдайын болдырмау мақсатында ұйымдастырылды. Атап айтқанда лицейдің 52 білім алушының мектепке баруына қолдау көрсетіліп, киім кешек, мектеп формасы, әрбір мектеп оқушысына арналған қажетті кеңсе тауарлары, оқу-құралдары толтырылған сөмкелер алынып табысталды. Нақты айтқанда  жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған 4 оқушыға, аз қамтылған отбасылардан шыққан 48 оқушыларға көмек ұйымдастырылды. Сонымен қатар көп балалы отбасынан шыққан 18 оқушығада лицей ұжымы мен демеушілердің тарапынан көмек көрсетілді.

  2019 жылдың 02 қыркүйегіненбастап бүгінгі күнде лицей асханасынан жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-ананың қамқорынсыз қалған 4 оқушы, күнкөрісі төмен, аз қамсыздандырылған отбасыларынан шыққан 74 оқушы және көп балалы отбасыларынан шыққан 44 оқушы және ыстық тамақты ұйымдастырушы жеке кәсіпкер есебінен 20 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

             2019 жылдың 03 желтоқсанында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілері және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын оқушыларға қыстық киім, аяқ-киім алу үшін 50 оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорынан  бөлінген қаржылай көмек ата-аналарының есеп шоттарына  аударылды.