Детский технопарк INTEL

      

"Робототехника" үйірмесі

Жетекші Оспанов Жанболат Айтбекович  

 Балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға жаңаша жағдай жасау өндіріске жоғары технологиялардың қарқынды енуімен маңызға ие болып отыр. Болашақтағы техника әлеміне, робототехника әлеміне қадам жасауға «Робототехника» үйірмесі зор көмегін береді. Оқушылар сарайында балаларды роботехникасына үйретуде, құрылым, үлгі  жасау мен автоматты басқаруда сапалы оқу әрекетін ұйымдастыруда Mindstorm LEGO конструкторлары ұсынылады.   

 

 

 

"Авто-судомоделдеу" үйірмесі

  

Жетекші Қанатов Ғабит Каменұлы 

     Кеме үлгілерін жасау- мейлінше танымал спорт түріне жатады. Үйірмеде жақсы ұйымдастырылған жұмыс балалар бойына еңбекке деген шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастырады, ұжымшылдық  рухына тәрбиелейді, сонымен бірге, шығармашылық конструкторлық ойлауын дамытып, оқушының политехникалық дүниетанымын кеңейтеді. Кеме үлгілерін жасау спорты- оқушылар арасында теңіз ісі негізі мен  теңіз мамандықтарына деген  қызығушылықты насихаттайтын әдіс болып табылады. Балалар оқыту барысында барлық  материалдардан түрлі модельдер дайындайды.

 

 

 

 

РТ-студия "Стоп-кадр" 

           

 


Жетекшілер:

        Калыбаев Думан                  Буханцева Виктория 

          Тұрсынханұлы                          Евгеньевна                      

 "Стоп - кадр " үйірмесі өз ішінен екіге бөлінеді "Жас тілші" және "Оператор."Жас тілші "үйірмесінде   балалар ақпараттар жазуға, тілі шұбарламай таза сөйлеуге, мақала хабарлама  жазуға,сұхбат алуға үйренеді. Сондай-ақ функционалдық сауаттылықтарын арттырып,  тілдік - коммуникативтік құзыреттілігін дамытып, тілшіге  қойылатын талаптарды меңгереді.Мәтіндерді талқылап өз пікірлерін ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуді үйренеді. "Оператор" үйірмесінде балалар бейнекамерамен түсіруді және қозғалатын нысандарын жылжытуды үйренеді. Жабдықты фотокамерамен үш өлшемдік жарықтандыру құрылғылары мен қалай қолдану керектігін үйренеді.Фильмді құру негіздерін үйренеді.