Отдел детских инициатив

«Қызықты математика» үйірмесі

 

Жетекші Сапарғлиева Жұлдыз Мадиярқызы

 

    «Қызықты математика» үйірмесінде бастауыш сынып оқушысын математикаға жан-жақты дайындап, әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін  ескере отырып, жеке тұлғаның  дамуына қолайлы жағдай тудыру.Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді. Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуіне икемдейді.

 

 

 

«Шапағат» және «Шұғыла»  клубы

     

 

Жетекшілері:   Шакенова Қымбат  Арыстанқызы

                         Әшімханова Асемгүл Асылханқызы

 

  «Шапағат» және  «Шұғыла» клубтарында 3 – 6 жастағы балалар шұғылданады. Балалар үшін кешенді даму бағдарламалары, ритмика, музыка, театр жұмыс істейді. 

 

 

«One power» еріктілер клубы

 

Жетекші  Темірғали Маржан Мырзағалиқызы     

«One power» еріктілер клубы әлеуметтік белсенді жасөспірімдердің ұйымдастырушылық, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін  дамытуға және іске асыруға жағдай жасайды, сонымен қатар қайырымдылықпен  белсенді айналысады.

 

 

 

 

«English club» клубы

Жетекші Откенова Айгерим Конайқызы     

«English club» клубы баланың жан – жақты дамуына жағдай жасайды. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,  сонымен қатар тәуелсіз іс-әрекетке деген ерік – жігерін дамытуға көмектеседі.

 

 

 

 

 

Қазақшаңыз қалай?

 

Жетекші  Амангелдина Еркежан Серікбекқызы   

Бір шаңырақ астында бірлік пен татулықты ту еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлық. Қазақшаңыз қалай? үйірмесінде басқа ұлт балаларын және ата-аналарын қазақ тіліне қызықтыру және үйрету.Үйірменің басты мақсаты,Қазақ халқының әдет-ғұрыптары,салт дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың тілдік тәжірибесін кеңейту.

 

 

 

«Уникум»

 

Жетекші Бощанова Ботагоз Ергазиевна

Уникум жеке тұлғаны дамыту үйірмесі – болашақ кәсіпкерлердің кездесу орны. Мұнда бала өз бойында шапшандылық, жауапкершілік қасиеті мен қатар  өз тобының лидеры болуға, іскерлік әңгіме жүргізу қабілеттерін дамытады.