ДОЛ "Жас Канат"

«Жас Қанат»балаларды сауықтыру лагерінің директоры
Жолдасова Дина Турсыновна
7 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың демалысы, сауықтыруы мен бос уақытын қамту мақсатында Бектауата шатқалында «Жас қанат» қала сыртындағы балалардың сауықтыру лагері ұйымдастырылған.
4 кезек барысында қала мектептерінің 1000-нан астам оқушыларының дем алу мүмкіндігі бар.
Келесі бағытағы тәрбие жұмыстары ұйымдастырылады:
* спорттық-сауықтыру;
* патриоттық;
* адамгершілік;
* эстетикалық;
* экологиялық;
Сауықтыру жоспарында келесі шаралар қарастырылған:
* Күндізгі ұйқы қарастырылған тиімді күн тәртібі;
* Жеткілікті көлемде жеміс-жидекті, үшінші мәзірі дәрумендірілген 5 мезгіл тамақтандыру;
* Күнделікті таңертеңгі жаттығу;
*спорттық жарыстар, таза ауада қимыл-қозғалыс ойындары.
* шынықтыру: күн мен ауа ваннасы, жалаңаяқ жүру, су құю арқылы шынығу, тауға саяхатқа шығу.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында «Денсаулығыңды жасыңнан сақта» секілді тақырыптық сұқбаттар, «Қырағы көз» сауықтыру сабағы, «Салауатты өмір салты үшін» сурет салу конкурсы, сонымен бірге, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс- шаралар мен «Темекі мен нашақорлықтың арасы бір қадам» жеке сұқбаттары жүргізіледі.
4 кезек барысында балалар «Жасыл өкше», «Біз көрмеген жолдар»,, «Джунгли шақырады», «Жас қанаттың үздік жұбы», «Екі жұлдыз», «Ханзада мен Ханшайым», «Перілер ойнағы», «Супер –балалар супер-жетекшілерге қарсы», «Жасай бер, әсем Астана!», «Үндістер күні» конкурстарына, «Достық мекені- Жас қанат!» ,»Туған күн иелері күні», «Дәрігерлер күні» отрядты қорғау күніне, «Ерліктің мәңгілік алауы», «Бір Отан, бір Халық, бір тағдыр!» фестивальдарына белсене, аса қызығушылықпен қатысады. Жыл сайын лагерьде «Ауғанстан әскерлері ардагерлерінің әскери бауырластығы» БҚ бірлескен «Жас ұлан» әчкери-спорттық ойыны өтеді.
Эстетикалық және спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Саяхаттан босаған уақытта балалар қолдағы бар материалдардан «Балалық бояуы», «Шебер қолдар» үйірмелерінде әр түрлі өнімдер жасайды. Домисолька» мен «Шашу» үйірмелерінде балалар би билеу мене ән айтуды үйренеді.
25 баладан тұратын әр топпен қала мектептерінің үздік мұғалімдері мен студенттерінен тұратын тәрбиешілер мен студенттер жұмыс жасайды.
Құрметті балалар,сендерді "Жас Канат"жазғы сауықтыру лагеріне шақырамыз!