«Қыс мезгілінде білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы»

Құрметті ата-аналар!

 

Уважаемые родители!

 

   27. 11. 2020 жылдың Білім Басқармасы мен Қарағанды облысының ТЖ Департаментімен келісіліп бекітілген және Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында қыс мезгілінде оқушылардың қауіпсіздігі  мен денсаулығын сақтау мақсатында келесі қолайсыз ауа-райы метеожағдайлары туындаған кезде сабақ тоқтатылады:

0-4 сыныптарда:

- Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, -25 градус  және одан да төмен градус Цельсий бойынша аязда;

- 17 м/с және одан да жоғары соққан жел мен боранда;

- қатты көктайғақта, егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

5 – 9сыныптарда:

- Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 30 және одан да төмен градус аязда;

- 20 м/сжәне одан да жоғары соққан жел мен боранда;

- қатты көктайғақта, егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

 10 – 11сыныптарда:

- Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 35℃ және одан да төмен градус аязда;

- 25 м/с және одан жоғары дауылды желде;

- қатты көктайғақта, егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

Сабақтың тоқтатылатыны жөніндегі ақпарат білім бөлімі сайтында, ата-аналар мен оқушылар чатында, әлеуметтік желілерде берілетін болады:

Сағат 6.45-тен 8.00-ге дейін бірінші ауысым үшін;

Сағат 11.15-тен 13.00 дейін екінші ауысым үшін.

 Сабақ тоқтатылған күні мектепке келген оқушылар үшін  кестеге сәйкес сабақ толық көлемде өткізіледі.

 

              «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ