Әдістемелік жинақтама

“Қамқоршылар күні” аталып өтілді

№2 Русаков М.П. атындағы мектеп-интернатының есеп-беруы

«Қазақстан Қамқоршылары Ұйымының», және де «Бала Дауысы бірлестігінің» бастамасымен 29 қазан Қазақстан Республикасы бойынша

«Қамқоршылар күніне» арналған салтанатты іс шаралар ұйымдастырылған. "Қамқоршы күні"-мемлекеттің тарихында қамқоршыларға және де олардың отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған бірінші іс – шара .

Қамқоршы күні» мерекесін өткізу Қазақстан тарихында қамқоршылар мен олардың отбасында ата-ана жылуын тапқан жетім балалар үшін алғашқы қайырымдылық шара болып табылады. Іс –шарада көтерілетін мәселелер:

1 «Баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына қадір-қасиетіне

және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы». №2 Русаков М.П. атындағы мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Нокербекова Қорлан Иманғазы қызына берілді.

2. «Баланың мүліктік құқықтары» №2 Русаков М.П. атындағы мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы Касимова Гульмира Кайыр қызына берілді

3. Марапаттау


Әртүрлі сұрақтар


Шағын концерт
Бұл іс-шараның басты мақсаты -Бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Құттықтау сөз- №2 Русаков М.П. атындағы мектеп-интернатының директоры Рахимберлина Замзагуль Нарымбековнаға берілді
«Ата- ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдырларына немқұрайлы қарамағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды арнаймыз, «Қамқоршы күнін» мерекелей отырып, адамгершілік негіздерін сақтау және рухани мұратқа балаларды тәрбиелеу жолында, зор міндет атқарғаныңызға ризашылығымызды білдіреміз. Бар армандарыңыз орындалып, отбасыңызға береке - бірлік, бақ - дәулет орнасын, ал балаларыңыз тек қуаныш пен жан жылуын сыйласын»,- деп мектеп директоры қамқоршыларға сый құрмет көрсетіп , Алғыс хаттар тапсырды.

Алибекова Бұлбұл, Оралбаева Жанат Максатқызына, Көкрекбаева

Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бөлінген қаржыға оқушыларға ата-аналардың өтініші негізінде киім-кешекпен қамтамасыз етуге көмек көрсетіліп, мектеп асханасынан балалар тамақ ішіп жүр. Республикалық «Болашақ», «Арман», «Балдәурен» сауықтыру лагерлеріне ақысыз жолдама алып демалып келеді. Президенттің, әкімнің жаңа жылдық шырша мерекелеріне ең алдымен жетім, қамқорлыққа алынған, аз қамтылған отбасылардағы балалар қатысады. Қыркүйек айында өткен республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша балалар киіммен, кеңсе тауарларымен қамтылды.
Аталмыш шара барысында ата-анасыз қалған балаларға, қамқорлық жасап отырған жандарға құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт ұсынылды, өнерпаз оқушылар өлеңдер оқып, , ән салды.
көрермендер өнерлі балалардан қошеметтерін аяған жоқ.
Алибекова Бұлбұл:

-Қазір қолымызда 2бала бар. Олар өмірден өз жолдарын тапса, біз үшін бұл бақыт, еңбегіміздің жемісі. Әрине қолымызда өскесін ана-әке ретінде қобалжимыз. Барлығы да үмітімізді ақтауға тырысады.

Зейнет жасына шыққан Магуяновтын атасы балаларымнан өмірлік қуат алып, өзімді әлдеқайда сергек, жас сезінемін дейді.

Оралбаева Жаннат:

Қайырымдылық шара - қамқорлықсыз қалған балаларды өзекке теппей бауырына тартқан жандардың мәртебесін арттырып, оларға демеу көрсетуді көздеді.
Мереке соңы естелік суретке түсумен аяқталды.
Касимова Г.К. Әлеуметтык педагог