Размер шрифта:

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) (иесіге қайтарылады);

3) білімі туралы диплом;

4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;

6) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);

7) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;

8) ұлттық біліктілік тестілеуін өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қызметкердің қолымен және ұйымның мөрімен расталған ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы құжат;

9) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттар (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК оқытушыларын қоспағанда);

10) кәсіптік жетістіктерді және тәжірибені жалпылауды растайтын құжаттар;

11) сабақтарды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК оқытушыларын қоспағанда);