Размер шрифта:

«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

 

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «№24 мектеп-интернаты» КММ асханасы өз жұмысын бастады.

«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» дегендей,оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету үшін асханада барлық жағдай жасалынған. Асханада санитарлық нормалар сақталады,кезекшілік ұйымдастырылған,арнайы бекітілген ас мәзірімен оқушыларға мезгілімен тамақ беріледі. Әр сыныптың асханаға келу кестесі жасалынған.

Мектеп асханасында 1-4 бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады және құжат өткізген әлеуметтік статусы бар оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.