Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

 

Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13110 болып тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

     4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

     4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 61 бұйрығымен бекітілген

 

 

 

 

 Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

       Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2018 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-10) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және экстернат нысанында оқыту мен негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      консультация – білім беру ұйымы белгілейтін экстерндермен жұмыс жүргізу нысаны;

      экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;

      экстерн - денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және/немесе шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өзі дербес меңгерген тұлға.

 2-тарау. Экстернат нысанында оқыту тәртібі

      3. Білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын өзі дербес меңгеруін немесе қашықтан оқыту технологияларын қолданып меңгертуді қарастырады.

      4. Экстернат нысанында оқу:

      негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:

      1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;

      2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;

      3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға;

      мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары):

       Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18896 болып тіркелген) бекітілген жеңімпаздарының мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуына рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесіне сәйкес халықаралық, республикалық конкурстардың және фестивальдардың жеңімпаздарына;

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында:

      1) денсаулығына байланысты білім беру ұйымына ұзақ уақыт бойы келе алмайтын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедек білім алушыларға;

      2) алдыңғы оқу кезеңінде "жақсы" және "үздік" үлгерімі бар, орташа балы 4,5 және одан жоғары білім алушыларға;

      3) күндізгі оқу нысанында, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерінен басқа, бір жылға дейінгі оқу мерзімімен шетелде оқитын білім алушыларға ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір сыныптың;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір немесе екі сыныптың негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге рұқсат етіледі.

      6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедек білім алушыларға экстернат нысанында білім беру оқытудың барлық кезеңінде ұсынылады.

      7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу екінші және одан жоғары курстардың "үздік" оқитын білім алушыларына бір академиялық кезеңде, бірақ бір оқу жылынан аспайтын кезеңде ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       8. Экстернат нысанында білім алу Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім немесе жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар денсаулығы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын алған күннен бастап;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім алушылар олардың кету күні жеткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушылар ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей береді.

      9-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті білім алушылар ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. 9-1-тармақмен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес ресімделеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Экстернат нысанында оқыту үшін негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім алушының денсаулығын және аралық, қорытынды аттестаттау нәтижелерін ескере отырып, ағымдағы оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасын және консультация беру кестесін құрады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       13. Экстерндерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      14. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының экстерндерін аралық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды. Экстерндерді аралық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы ағымдағы оқу жылының 10 мамырынан кешіктірмей шығарады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Консультациялар мен аралық аттестаттаулар ағымдағы оқу жылының қаңтар-сәуір айлары аралығында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ағымдық, қорытынды аттестаттау нысаны мен мерзімдерін білім беру ұйымының басшысы белгілейді.

      17. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының аралық және (немесе) қорытынды аттестаттаудан өтпеген экстерндері экстернат нысанынан басқа нысанда жүзеге асырылатын қайта оқу жылына қалдырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Экстерндерді аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері "Экстернат" белгісі бар хаттамамен ресімделеді және оған емтихан комиссиясының мүшелері қол қойып, орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

       Хаттамаға аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелерінің жазбаша материалдары қоса тігіледі.

      19. Аралық аттестаттаудан өткен экстерндерге тиісті оқу бағдарламалары бойынша оқуды экстернат нысанында аяқтағаны туралы белгісі бар қорытынды бағаларымен белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

       20. Қорытынды аттестаттаудан өткен экстерндерге "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес білім деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

      Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін өзі тану, дене тәрбиесі, технология, алғашқы әскери дайындық, музыка, сызу бойынша аттестаттау өткізілмейді, ал білімі туралы құжатта "оқылған жоқ" деген жазу жазылады.

 3-тарау. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

       Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және ұсыну нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де ақпараттар Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.

       Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші тиісті білім беру ұйымына сұрату жібереді және көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтер туралы жауап алады - 6 жұмыс күні ішінде.

      Тиісті білім беру ұйымынан мәліметтерді алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды, экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрықты дайындайды және басшымен келіседі.

      24. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.

       25. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.".

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

       Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       27. Көрсетілетін қызметті тікелей берушінің мекен жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      28. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      29. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 1-қосымша

       Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

 

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі- 10 жұмыс күні.

 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

 

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайлар негізінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

 

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін 13.00-ден 14.30-дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болған техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші;
2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін - "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 035-1/у нысанында дәрігерлік-консультативтік комиссияның электронды қорытындысы;
3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі;
4) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкен жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы;
5) білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты.

 

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін толық ұсынбауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының дұрыс еместігі анықталғанда.

 

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде, 8-800-080-7777, 1414 бірыңғай байланыс орталығында орналастырылған.

 

 

Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 2-қосымша

 

Нысан

 

 

 

 

 

 Өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама Хабарландырылады

       Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

       экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау кезінде міндеттілігі

       9-баппен айқындалған мынадай құжаттардың:

       _______________________________________________________________________________,

       (негіздемесін көрсету)

       жоқтығы және/немесе жалғандығы анықталды, осыған байланысты экстернат нысанында

       оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қараудан бас тартылды.

      ________________________________________________________________________________

       (өтінішті қараудан бас тарту үшін жауапкершілікті өзіне алған ұйымның атауы мен

       мекенжайы)

       Экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қараудан бас тарту

       туралы шешімнің тіркеу нөмірі және күні:

       № _____________________ "____" _____________________ 20 __ж.

       _____________________ _________________________________

       (лауазымы)                  (инициалдары, фамилиясы)

      Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

 

Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 3-қосымша

 

Нысан

 Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді

       Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Дербес нөмір: _______

       Алған уақыты мен күні: _____________________

      ________________________________________________________________________________

       (жергілікті атқарушы органның атауы)

       Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында

      оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан

      ҮЗІНДІ

       Азамат (-ша): ________________________________________________ (көрсетілетін қызметті

       алушының Т.А.Ә. (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

       Өтініш берген күні: _______________________

       _______ жылғы __ _______ бұйрықтың негізінде негізгі орта, жалпы орта білім беру

       ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді.

      ________________________________________________________________________________

       (жауапты тұлғаның Т.А.Ә.(бар болса), лауазымы)

      Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

 

Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 4-қосымша

 

Кімге:______________________
басшысы
Жергілікті атқарушы органның
атауы
Кімнен: _____________________
____________________________
Т.А.Ә. (бар болса) және толық
жеке сәйкестендіру нөмірі/

 

Нысан

 Экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруге өтініш

       Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының

       2-тармағы 24-4) тармақшасына (6-бап, 3-тармақ, 25-7) тармақшасына немесе 6-бап, 4-тармақ,

       21-3) тармақшасына), сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы

       15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

       оқушының Т.А.Ә. (бар болса), туған күні

      ________________________________________________________________________________

       (білім беру ұйымының атауын, сыныбын көрсету)

       білім беру ұйымында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді сұраймын.

       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан

       Республикасының Заңымен қорғалатын ақпараттық жүйелердегі құпия мәліметтерді

       пайдалануға келісемін.

       "_____" ____________ 20___ ж.

      Мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы


 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК