Мектепке жол акциясы

01.08-01.09.2020ж аралығында мектебімізде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өтті.  Акцияның мақсаты: жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға,азқамсыздандырылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету.

Акция барысында демеушілердің көмегімен Гүлшат бекеті және Ақжайдақ бекетіне роутер сатып әперілсе,екі отбасыға интернет желісін төлеуге  көмек көрсетілді.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны

Науқанның басты ұраны: «Балалардың еңбек эксплуатациясына жол жоқ!»

Мақсаты:Қоғамның назарын балалардың еңбекке араласу мәселесіне аудару.

12- маусым – әлем бойынша балалардың еңбекке араласуына қарсы күн.

Қоғамның басты байлығы-бала.Сондықтан,балалардың балалық шағының алаңсыз өтуі үшін барлығымыз атсалысқанымыз дұрыс.Балалардың басты міндеті-оқуға зейін қою.

Осы науқан барысында мектебімізде түрлі іс-шаралар жоспар бойынша ұйымдастырылды.

Арнайы парақшалар дайындалып,қала тұрғындарына таратылды,түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бейнеролик дайындалып,әлеуметтік желілер арқылы ата-аналар назарына ұсынылды.

Бастауыш сынып оқушыларының атсалысуымен «Біз бақытты балалық шақты қолдаймыз!» тақырыбына арналған суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

«Түнгі қаладағы балалар» атауымен кешкілік рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып,шараға мектеп инспекторы,әлеуметтік педагог және сынып жетекшілер атсалысты.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға арнап сенім телефоны бекітілді.