«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру үшін

 

Қарағанды облысы білім басқарамасының балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ

 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру үшін

            2020 -2021 оқу жылында   атқарылған  жұмыстар туралы

   А Қ П А Р А Т 

«№24Мектеп интернат» КММ –де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басты жұмыс мұғалімдерді, ата-аналарды, оқушыларды ақпараттандыру .Осы мақсатта сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және күресу үшін «сыбайлас жемқорлықсыз ел»,яғни «Парасат» ақпараттық стендісі жыл бойы жұмыс жасайды. Ақпарат толықтырылып отрыады.

97 оқушы

121 ата-ана

 

№24 мектеп -интернатында  сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру мақсатында «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды. "Дүкеннің" басты ерекшелігі — онда сатушының болмауы және сатып алушыларға қандай да бір бақылаудың болмауы.  Мұнда сатылымда оқу – құралдар бар. Қажетті тауарды сатып алушы ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді оқушылардың өздеріне сенім арта отырып, тапсырылды. 2018-2019 оқу жылының сәуір айынан бастап ашылған дүкенде бүгінгі күнге дейін оқушылардың және ұстаздардың қажеттілігіне жұмыс жасауда. Мұндай жобаның ашылуы жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етеді және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді.Оқушылар саны -148 оқушы.