АБЖ-нің пайдаланушы нұсқаулығы

«Bilimal. Электронды мектеп» АБЖ-не мәліметтерді енгізу жөніндегі қадам бойынша нұсқаулық I кезең. Негізгі мәліметтер. (Қызметкерлер жөніндегі мәліметтерді, енгізу) Бұл кезеңде «Бiлiмал» АБЖ-не негізгі мәліметтер енгізіледі. «Қызметкерлер картотекасы» толтырылады, қызметкерлер мәліметтері енгізіледі, «Бiлiмал» АБЖ-не логин және пароль(кілт сөз) алады, 1. « Қызметкерлер картотекасын» толтыру Қызметкерлер картотекасы келесі ретпен толтырылады: - Қызметкерлерді қосу. -Қызметкер туралы толық ақпаратты жеке картасына енгізу. II кезең. Негізгі мәліметтер. (Оқушылар және олардың ата-аналары жөнінде мәліметтерді, пәндерді енгізу, мұғалімдерді тағайындау, сабақ кестесін.) Бұл кезеңде «Бiлiмал» АБЖ-не негізгі мәліметтер енгізіледі. «Оқушылар картотекасы» толтырылады, оқушылар және олардың ата-аналары жөнінде мәліметтер енгізіледі, оқушылар және ата-аналар «Бiлiмал» АБЖ-не логин және пароль(кілт сөз) алады, пәндер тізімі толтырылады, мұғалімдерге пәндер және сыныптар тағайындалады, сынып жетекшілер тағайындалады. 1. « Оқушылар картотекасын» толтыру Оқушылар картотекасы келесі ретпен толтырылады: -Сыныптар қосу. -Сыныптарға оқушыларды қосу. -Оқушыларды қабылдау. -Оқушы сауалнамасына оқушы жөніндегі ақпаратты енгізу. -Оқушының ата-анасы жайлы ақпаратты енгізу. Оқушылар мәліметтерін сынып жетекшілердің толтыруы ұсынылады. Сынып жетекшілері оқушылар және ата-аналары жайлы ақпараттарды енгізген соң, оқушыларға және ата-аналарына «www.bilimal.kz» сайтынан логин және пароль алу үшін жүйе әкімшісіне бару керек. 

http://www.youblisher.com/p/1904718-1/

"БІЛІМАЛ" – мектептің ақпараттық білім алу кеңістігінің өзегі

2016 жылдан бастап мектеп автоматтандырылған "БІЛІМАЛ" жүйелік басқармасына көшті.  "БІЛІМАЛ" – мектептің ақпараттық білім алу кеңістігінің өзегі. Бұл жүйе әр бала мен ата-анаға әрдайым ашық, оқыту үрдісін «айқын» жасайды, демек оқушыларға психологиялық қолайлы жағдайларды және жайлылықты, оқыту жолдарын жүзеге асыру мен әзірлеу мәселелерін шешуде, қоғам мен мектептің қажеттіліктерімен  қамтамасыз етуде ықпал етеді. «БІЛІМАЛ» мектеп жұмысында әлеуметтік, экономикалық және т.б. өзгерістермен тартылған өзгертулерде қосылу мүмкіндіктерін қарастыра отырып, мектепте қабылданған мониторинг моделіне сәйкес келеді. Жүйенің жұмыс істеуі жүйенің талдауына негізделе отырып, «мақсималды автоматтандыруға» көшеді. Оқыту үрдісіндегі барлық тапсырмаларды шешуге арналған ақпараттар әрдайым толықтырылып және жаңартылып отырады. Осындай тәсіл мектептің әрі қарай дамуы мен жетілдіру жұмыстарын жеңілдетеді.

«БІЛІМАЛ» - педагогтардың жұмысын ұйымдастыруды жетілдіруге ықпал етеді.  Ол оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін көрсете отырып, қандайда ауытқулар болатын болса, сонымен уақытылы жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып, ата-аналарын ақпараттандыруға қолайлы. Осылайша бұл жүйе ата-аналар мен балалардың, мұғалімдердің ақпараттық мәдениетінің даму себебі бола алады.

Әрбір ата-ана өз баласының бағаларын www.bilimal.kz. сайты арқылы көруіне мүмкіндігі бар. Ол үшін сынып жетекшілерден алуға болатын логин мен құпиясөзді енгізу қажет. үлгерімдерін жеке кабинетіндегі «Күнделік» бөлімінен қарап тексеріп отыруға болады.