Оқу мерзімі, демалыс

2021-2022 оқу жылының

басталуын, ұзақтығын,

және каникул кезеңдерін

айқындау туралы

 

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 340 бұйрығы, Қарағанды облысының білім басқармасының 2021 жылғы 27 шілдедегі №368 бұйрығы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы 2021 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін;

  2. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 – сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  3. Оқу жылының барысындағы каникул кезеңдері:

  • 1-11 – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1- 7 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан – 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз қоса алғанда);

  • 1-сыныптарда: 7 күн мерзімде (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Ахметбековаға жүктелсін.