Сабақ тоқтатылатын ауа райының жағдайы мен температуралық режимі

                                        balqash_qalasy_bilim_bolimi

"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ, ауа райының нашарлауына байланысты (12 м/с желдің жүйткуі, сезілуі -23 С), бүгін, 20.01.2022 ж., бірінші ауысымның 0-5 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға көшетінін хабарлайды. Екінші ауысым үшін оқу процесінің ұйымдастырылуы туралы сағ. 11.00-ге дейін қосымша хабарланатын болады.

 

ГУ "Отдел образования города Балхаш" сообщает, что в связи с ухудшением погодных условий (ветер с порывами до 12 м/с, ощущение - 23 С) сегодня, 20.01.2022 г.занятия первой смены для учащихся с 0 по 5 классы переводятся на дистанционную форму обучения. Об организации учебного процесса для второй смены будет сообщено дополнительно, до 11 час.утра.      

 

 

 

 

 

Құрметті ата-аналар!

       27.11.2020.ж. Білім Басқармасы мен Қарағанды облысының ТЖ Департаментімен келісіліп бекітілген және Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында қыс мезгілінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында келесі қолайсыз ауа-райы метеожағдайлары туындаған кезде сабақ тоқтатылады:

 

 0-4 сыныптарда:

 - Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді,  -25 градус  және одан да төмен градус Цельсий (ары қарай - ℃) бойынша аязда;

 

-17 м/с және одан да жоғары соққан жел мен боранда;

- қатты көктайғақта, егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

5-9 сыныптарда:

- Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 30 және одан да төмен градус аязда;

-20 м/с және одан да жоғары соққан жел мен боранда;

- қатты көктайғақта,егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

 10-11 сыныптарда:

- Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 35℃және одан да төмен градус аязда;

- 25 м/с және одан жоғары дауылды желде;

- қатты көктайғақта, егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

Сабақтың тоқтатылатыны жөніндегі ақпарат білім бөлімі сайтында, ата-аналар мен оқушылар чатында, әлеуметтік желілерде берілетін болады:

- Сағат 6.45-тен 8.00-ге дейін бірінші ауысым үшін;

- Сағат 11.15-тен 13.00 дейін екінші ауысым үшін.

Сабақ тоқтатылған күні мектепке келген оқушылар үшін  кестеге сәйкес сабақ толық көлемде өткізіледі.

Ескерту: Ұсынымдардағы қандай да бір өзгерістер туралы қосымша хабарланатын болады.