Онлайн семинар

 

12 мамыр 2020 жылы «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің жоспарлы жұмыстарының негізінде онлайн семинар өтті. Семинарда  бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева Әдемі Азизқызы  қашықтықтан оқыту  кезінде жаратылыстану пәнінен «Сlassroom»  платформасында кері байланыс беру мен «Google.forms» ресурстары арқылы тест құрастыру жолдары тәжірибесімен бөлісті. Бұл платформалар арқылы оқушының алған білімінің қандай жетістікке жеткенін бақылау және  оқушы  өз қатесін көре білу мүмкіндігі барын  атап көрсетті. Сонымен қатар «ZOOM», «Whatsapp» желілері арқылы байланыс жасай отырып оқушылардан ауызша кері байланыс алу жолдары тиімді екенін айтты. Қашықтықта оқыту кезінде оқушыларға кеңес ретінде беруге болатын көзге арналған жаттығу түрімен бөлісті.