Тәрбие жұмысы туралы вебинар өтті

12.05.20ж. мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмыстарының жүргізілуі» тақырыбында қалалық вебинар өткізілді. Вебинарды өткізу үшін «Zoom» платформасының мүмкіндіктері қолданылды.  Оған қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты. Тәрбие жұмысы мектептің сынып жетекшілерінің, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогы, психологтың, тәлімгер мен кітапханашының бірлескен әрекеті, жұмылған жұмыстары арқылы іске асатыны вебинар барысында жүйелі көрсетілді. Қазіргі қашықтықтан оқыту барысындағы қиындықтарға қарамастан,  жоспарланған жұмыстарды онлайн түрде жүйелі жүргізу тәжірибесімен 7-ші сынып жетекші М.Ж. Смаханова «Қашықтықтан оқытудағы  сыныппен жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында, 3-ші сынып жетекші Т.К. Сагадатова «Сыныптың тәрбие жұмысындағы патриоттық тәрбие беру бағыты», мектептің әлеуметтік педагогы  Ж.Ж.Бекбенбетова «Қашықтықтан оқыту жағдайында әлеуметтік зерттеулер жасау туралы», психолог Е.Д.Кудабаева «Оқушыларға кәсіптік бағдар беру», тәлімгер  А.Ж. Мыктыбек «Өзін- өзі басқару тобы жұмысын ұйымдастыру», кітапханашы Ә.М.Шаймерден «Кітап- жан азығы» тақырыптары арқылы бөлісті.  Көпшілік назарына ұсынылған жұмыс түрлері туралы қатысушылар жақсы пікірлерін білдірді.