Вебинар

2020 жылдың 30 сәуір күні «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің  жоспарлы жұмыстарының негізінде  қала мектептерінің директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп үйлестірушілерінің қатысуымен  Жетекші мектеп тәжірибесінен: «Қашықтықтан оқытудың тиімді тәсілдері» тақырыбында «Zoom» платформасы арқылы ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектеп мұғалімдері вебинар жүргізді. Тәжірибелік алаңда  бастауыш сынып мұғалімі  Қалқаман А.Е. «Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық бағалау тапсырмаларын тиімді платформада өткізу» тақырыбы аясында БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын  жүктеу және тексерудің тиімділігін атап көрсетсе, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Айнабекова  Ж.Б. «Google Forms  онлайн-сервисінде жұмыс істеу түрлері»  тақырыбында  оқушыларға берілетін  тапсырмаларды  әзірлеуде  гугл  форманы қолданудың алгоритімі,педагогтердің меңгеруі тиіс қашықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану әдістемесі туралы ой бөлісті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Тойындыкова А.М. «Google формаларды Сlassroom платформасында пайдалану» тақырыбында оқушылармен өзіндік бақылау парағын ұйымдастыру, кері байланыс беру жолдарын қарастырды. Физика пәнінің мұғалімі: Сьезбек Ж  «Quіzizz  платформасымен тест тапсырмасын  құрастыру» тақырыптарында қашықтықтан оқытудың барынша қалыптасқан жолдарын қарастырып, оқушылармен тікелей байланысқа шығып, оқушының табысты нәтижесін бірден көру мүмкіндігіндегі тәсілдерімен бөлісті. Қашанда жаңалықтың жаршысы бола білетін мұғалімдер тәжірибесі көпке үлгі. Қатысушылар тарапынан тәжірибесімен бөліскен әріптестерге жағымды пікірлермен, алғыстар айтылды. Білімді ұрпақтың көкірегін сәулелендіруде әріптестерімізге толағай шығармашылық табыстар тілейміз.