Әдістемелік отырыс

2020 жылдың 28 сәуір күні ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде әдістемелік жетекшілері бірлестік құрамындағы пән мұғалімдерімен ZOOM платформасы  арқылы жоспарлы отырысын өткізді. Күн тәртібінде: «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын ұйымдастыру жолдары» тақырыбы қаралды. Қазіргі сәтте алға қарай қадам жасау маңызды екенін түсінген ұстаздар қауымы қашықтықтан оқытудың барынша тиімді жолдарын қарастырып,  оқыту жұмыстарымен бірге  тәжірибе алмасу алаңына шығып, қолданып жатқан  түрлі тиімді тәсілдерімен бөлісті. Тиімді«Google classroom», «Whatsapp», «Zoom»,«Quіzizz» платформалары арқылы  оқушыға ұсынатын тапсырманы енгізу, тест тапсырмаларын құрастыру, әр оқушыға кері байланысты ұсыну, бейнесабақтың жасалу  жолдарын  қарастырды. Сонымен қатар, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын  ұсыну ерекшеліктері мен өткізу уақытына, белсенді оқыту дағдыларының қолдану аясына егжей-тегжейлі тоқталып, креативті ойларын ортаға салды. Отырыста әріптестер көкейкесті сұрақтардың түйінді жауаптарын ала алды.