Салауатты өмір салты

Ұстаздар волейболдан жеңіске жетті

Ұстаздар волейболдан жеңіске жетті

2019-2020 оқу жылында Балқаш қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан білім беру мекемелері қызметкерлерінің арасында өткен қалалық турнирде мектебіміздің ұстаздар командасы жүлделі І орынға ие болды. Құттықтаймыз!

 

Қалалық «Алау» әскери-спорттық ойыны

Қалалық «Алау» әскери-спорттық ойыны

12 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлан» әскери –патриоттық қозғалысы» жобасы бойынша қалалық «Алау» әскери-спорттық ойыны өтті. Бірнеше этаптан тұратын әскери–спорттық ойынында біздің ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінің командасы алғырлық пен жылдамдықтарын көрсетіп, І жүлделі орынға ие болды. Жеңіс құтты болсын!

Изображение

 

Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру.

Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 19 қаңтарында Балқаш қаласы әкімінің кубогіне арналған оқушылар арасында шаңғы жарысынан қала біріншілігі өтті. Спорт шарасына мектеп оқушылары, студенттер қатысты.

Мектебіміздің 9А сынып оқушысы Несіпбек Темірлан бұл жарыстан ІІІ жүлделі орынды иеленді. Ол бірнеше жылдан бері аталған спорт түріне қызығушылық таныта бастады. Бүгінде шаңғы тебуге деген құлшынысы арта түсуде.

Құттықтаймыз!

 

 

Волейболдан жүлделі орынмен оралды

Изображение

 

Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін мектебіміздің оқушылары көптеген жетістіктермен қарсы алды.

Мереке күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған оқушылар спартакиадасы бағдарламасындағы волейболдан қыздар арасында өткен қала біріншілігінде мектебіміздің қыздар тобы жүлделі І орын алды.

Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла беруіне оқушыларымыз келешекте өз үлестерін қоса берері сөзсіз.

 

 

Тоғызқұмалақтан мектепішілік жарыс

 

Изображение

 

03.03.2018 жылы №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде тоғызқұмалақтан мектепішілік жарыс өтті. Жарыс ІІІ кезеңнен олимпиадалық түрде өтті. І кезең іріктеу кезеңі, ІІ кезең  жартылай финал, ІІІ кезең финал. І-орын иеленген Серікұлы Тоқтар, ІІ-орын  Болат Нұрдаулет, ІІІ орын-Жалбаев Дархан және IV-орын Тіллахан Нұртас иеленді. Жарыс өту мақсаты балаларды тоғызқұмалақ ұлттық ойынына қызықтыру. Жарыста жетістікке жеткен балалар медаль, мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Жетекші: Кенбай Ә.Ж.