Мектеп тынысы

Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері

Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері

18.02.21. күні өрт  қауіпсіздігін сақтау ережелері тақырыбында 1-4 сыныптарда сынып сағаттары болып өтті. Оқушылар аталған тақырыптарда өз пікірлерін ортаға салып, сынып жетекшілер ұсынған бейнематериалдарын талқылады

 

Дәрігер эпидемиологпен кездесу

Дәрігер эпидемиологпен кездесу

2021 жылдың 18 ақпан күні Балқаш ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер эпидемиологы Айгүл Абдолдаевна Батырбекова  жоғары сынып оқушыларымен онлайн түрде  кездесіп, ғасыр індеті — ЖҚТБ -мен күресу туралы дәріс оқыды. Дәріс  барысында АИТВ-жұқпасының алдын алу туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Апталық аясында жүргізілген іс-шаралар

Апталық аясында жүргізілген іс-шаралар

15.02.2021 1-күн

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 16 жалпы білім беретін мектебі" «Денің сау болса,бәрін аласың» дене шынықтыру апталығының аясында 15.02.21 күні 1. «Дене шынықтырудан Олимпиадалық шыңдарға дейін» деген туралы қысқаша әңгіме тақырыпта 5 сынып оқушыларымен танымдық сағат жүргізілді.

2. «Дене шынықтыру сауаттылығы - теориялық және практикалық»  тақырыбында  оқушылардан тест жұмыстары   5-7 сыныптардан алынды.

3. «Денің сау болса,бәрін аласың»  тақырыбында  стенд  безендірілді.

4. «Баскетбол  мергені  » осы тақырыпта  5-9 сыныптарға  сайыс өтті.

5. Дене шынықтыру  апталығының ашылуы. «Денің сау болса,бәрін аласың»  тақырыбында  10-11 сынып оқушыларыннан  сұхбат алынды.

6. «Олимпиада жеңімпаздары»  тақырыбында  10-11 сыныпқа викториналық танымдық  сайысы өтті. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Спорттық түрлі іс-шаралардың өтілуі мектепте көп назар аударылады. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын ұстанып шәкірттеріміздің денсаулығын  сақтауда басты назарда ұстаймыз.  Спорттық тәрбиенің бастамыса негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру.  «Денің сау болса,бәрін аласың» атты тақырыбында дене шынықтыру апталығында іс-шараға оқушыларды белсене қатысуына шақырамыз.

16.02.2021 2-күн

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Денің сау болса,бәрін аласың» дене шынықтыру апталығының аясында 16.02.21 күні 1. «Дені сау болу – сәнді!» деген  тақырыпта пікір алмасып,спортпен айналысудың тұрмыс сапасын арттыруға қалай көмегі тиетіндігін және үнемі сергек болу үшін қандай жаттығулар жасау керектігін айтып,өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар  5-7 сынып оқушыларымен флешмоб ұйымдастырылып өткізілді.

2. «Ойын әлемі»  тақырыбында  көңілді эстафета  жарысы  5 сыныптар арасында өтті.

3. "Гимнастикалық көпсайыс" тақырыбында  8-9 сыныптар арасында сайс өткізілді.

4. «Күш сұлулық және денсаулық!»  тақырып аясында  10-11 сыныптарға   фитнес өткізілді.

5. Ата-аналарға арналған сауалнама. «Менің баламның физикалық дамуы»  тақырыбында  10-11 сынып оқушыларының ата-аналарынан    сауалнама алынды.

«Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса» - деген ойдың мағынасына мән берсек, денсаулықтың  қадірін кей кезде кеш біліп, соның зардабын кеш сезінеміз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді кейде ұмытып жатамыз.

Осы қағиданы ұстай отырып, ауырмау үшін спорттың, дене қимылының адам өмірінде алар орны ерекше екенін жақсы түсініп білеміз. «Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сыр берсе, онда денді сауықтыру керек» - деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы Әл-Фараби асқан білгірлікпен айтқан екен. Жастар біздің  келешегіміз десек, сол жас буынның Отан қорғайтын қайраты кемел, саналы азамат болып өсу үшін білімімен қоса спортты бірге қоса алып жүргендеғана қуатты қоғам қалыптастыны белгілі. Осы орайда, спорт күніне орай, ұйымдастырылып отырған  дүбірлі де думанды шара үлкен әсер қалдырды. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» - деген екен А.Шопенгауер. Ендеше сол бақытымызды денсаулығымыздан табу үшін, осындай  пайдасы шексіз спорт шараларына белсене қатыса отырып, салауатты өмірді қолдаймыз.

17.02.2021 3-күн

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Денің сау болса,бәрін аласың » дене шынықтыру апталығының аясында 17.02.21 күні 1. «Таң жаттығулардан басталады!» деген тақырыпта  таңғы  жаттығулар 5-7 сынып оқушылары арасында  өткізілді.

2. «Теннистан жарыс»  тақырыбында   8-9 сыныптар арасында өзара   жарыс өтті.

3. Ашық сабақ   9 сыныптарға  "Волейбол ережелері" тақырыбында ашық сабақ өтті.

4. «Волейбол сайысы» осы тақырыпта  11 сыныптарға   волейболдан  сайыс  өткізілді.

5. «Мен спортты таңдаймын!»  тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына стартап конкурсы болды·  Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Сондықтан үнемі спортпен белсенді айналысуға баулу, бойларында денсаулыққа, ұқыптылықпен қарау қасиеттерін қалыптастырып, белсенділікке ынтасын арттыру. Әр адам салауатты өмір салтын ұстануы тиіс.

 

«Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру апталығына арналған іс-шаралар

«Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру апталығына арналған іс-шаралар

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Денің сау болса,бәрін аласың » дене шынықтыру апталығының аясында 18.02.21 күні 1. «Таң жаттығулардан басталады!» деген тақырыпта  таңғы  жаттығулар 8-9 сынып оқушыларына өткізілді  .
2. "Өнегелі өмір аясында" тақырыбында  табысты  спортшылармен кездесу 5-7 сыныптарға   жарыс өткізілді .
3. "Таңғы  жаттығу" 10-11 сыныптарға  тақырыбында   онлайн  жаттығу болды.
4. "Волейбол сайыс" осы тақырыпта  11 сыныптарға   волейболдан сайыс  өтті.
5. "Баскетбол сайысы!"  тақырыбында  10-11 сынып оқушыларына баскетбол сайысы өтті ·
6."Мини футболдан жарыс" 8-9 сынып оқушыларына  жарыс өткізілді.
 

Қазақтың «Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық» деген нақыл сөзінде үлкен мән жатыр. Әр отбасы мүшесі өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі, денсаулық – адамның ең үлкен байлығы. Денсаулық деген қазынаны ешқандай  дүние алмастыра алмайды. Ең алдымен сапалы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық аса қажет. Ал сол денсаулықты сақтау, оны қорғау – өз қолымызда, яғни өз еншімізге тиген үлес.
 «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік.

 

"Қақпақ жинап, қайырымдылық жаса" атты эко акция

  

Қаңтар айында "Қақпақ жинап, қайырымдылық жаса"  атты эко акциялық байқауда ең көп қақпақ жинап, белсенділік танытқан сыныптар марапатталды. Бұл ақция әлі де жалғасын табады. Біз пластик қақпақтар жинау арқылы экологиямызды тазартып, қайырымдылыққа үлес қосамыз.

 

 

«Ауғанның от жалыны» атты танымдық сағаты

«Ауғанның от жалыны» атты танымдық сағаты

«№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 15.02.2021ж күні Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, құрметтеуге және оқушыларға патриоттық тәрбие мақсатында 5«Е» сыныбына Абдина Торғай Нұрбекқызының ұйымдастырумен «Ауғанның от жалыны» атты танымдық сағаты өткізілді. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршыннан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске ала отырып, Ауған жайлы мағлұматтар мен естеліктерді тыңдап бірнеше сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Ауған соғысында қаза тапқандардың, батырларымыздың рухына тағзым етіп, арамызда аман-сау жүрген майдангерлерге құрметімізді көрсету арқылы өз бойындағы қасиетті сақтап, баршамыздың ортақ парызымыз екенін ұмытпайық!