«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кoмпанияның тұжырымдамасы

Өткізу уақыты:

2017 жылғы 10 – 21 сәуір аралығы

Ақпараттық кампанияда бірқатар іс-шаралар өткізіледі:

         І. Дайындық кезеңі:

         1.Кoмпанияны өткізудің дайындығы мен өткен шаралар туралы ақпараттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және білім беру ұйымдарының, органдардың, сондай-ақ басқа да интернет-ресурстарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап отыру.

         2. Кoмпанияны өткізу барысы туралы шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру.

         ІІ. Негізгі кезең:

         3. 2017 жылғы 10 сәуірде білім беру ұйымдарында ақпараттық компанияны «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары», «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» және басқа да тақырыптарда жалпы мектептік саптүзеулер, сынып сағаттары, ашық сабақтар, «дөңгелек үстелдер», т.б. іс-шаралармен ашу.

         4.Компанияны ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету – «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы», «Интернет менің өмірімде», тақырыптарында плакаттар, буклеттер, шығармашылық жұмыстар бойынша түрлі байқаулар өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру.

         5.Білім беру ұйымдарында тәжірибелі программистер, психологтар, ата-аналар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен оқушылармен кездесулер өткізу, «Интернет: ия және жоқ», «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыптарында шаралар ұйымдастыру.

         6.Үй жағдайында интернет-ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру және өткізу.

         7. Ата-аналар үшін жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ ата-аналар жиналысын, ата-аналар мен балалардың қатысуымен консультациялық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізу, ата-аналар үшін тренингтер өткізу.

         ІІІ. Күтілетін нәтиже

         Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде ата-аналар мен балалардың, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеру күтілуде, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернетті қауіпсіздік күйге келтіру, интернет жүйесіндегі әңгімелесушімен әңгімелесу барысында құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру.