Бөлім қызметі

 

1.       Жалпы    ережелер.

1.1.   Құқықтық-ұйымдастыру нысанындағы (алдағы  уақытта – “мемлекеттік мекеме”) болып аталатын “Балқаш қаласының білім бөлімі” әлеуметтік-мәдени және басқа да коммерциялық емес сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға мәртебесін иемденген мемлекеттік мекеме болып табылады.

1.2.   Мемлекеттік мекеме 2009 жылғы 27 тамыздағы № 35/01  Балқаш қаласы әкімдігінің қаулылары негізінде құрылған.

1.3.   Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы  Балқаш қаласының әкімдігі  болып танылады.

1.4.   Мемлекеттік мекеменің толық атауы: “ Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт  бөлімі ” мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение « Отдел образования, физической культуры и спорта  города Балхаш».

1.5.   Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5 үй.

 

2. Мемлекеттік мекемесінің заңды мәртебесі.

 

 2.1.      Мемлекеттік мекеме заңды тұлға құқығын мемлекеттік қайта тіркеуден өткен кезінен бастап иеленеді.

2.2.      Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, банктерде заңды түрде есеп шоттары, мемлекеттік тілде жазылған бланктері, мөр мен мөртабаны болады.

2.3.      Мемлекеттік мекеме мемлекеттік меншікті иемдену, қолдану құқығы берілген өзіне тиесілі мекемелерден басқа заңды тұлғаны құра да, заңды тұлғаның құрылтайшысы бола алмайды.

2.4.      Мемлекеттік мекеме өз міндеттемесі бойынша өзінің өкіміндегі ақшаға жауап береді. Мекемеде ақшаның жетпеген жағдайында оның міндеттемесіне уәкілетті орын жауапты болады.

2.5.      Мемлекеттік мекеменің жүргізген азаматтық-құқықтық келісімі Қазақстан Республикасының Үкіметінің белгіленген тәртібі негізінде тіркелуге жатады. Келісім шарт міндеттері бойынша мемлекеттік мекеменің Заңға сәйкес мекемені ұстау бекітілген смета негізінде жүргізіледі.

 

      3 . Мемлекеттік мекеменің мақсаттары, қызмет түрлері және құқықтары.

 

3.1.    Мемлекеттік  мекеменің көздеген мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтарын ақысыз жалпы орта  біліммен қамту және қалалдағы дене тәрбиесі мен спортты дламытуға жан-жақты жағдай жасау болып табылады.

3.2.    Көрсетілген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

·         Балқаш қаласындағы білім беру мен спорт саласын бірыңғай мемлекеттік саясатпен қамтамасыз ету;

·         мектеп түлектерінің дайындық сапасын көтеру, білім беруді қаржыландыруға бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатын оңтайлы қолдану;

·         ұлттық және жалпы адамгершілік құндылық негізінде жеке тұлғаны кәсіптік қалыптасуына, дамуына, кәсіптік бағытта білім беру үшін қажетті жағдай туғызу;

·         білім беру процесіне денсаулық сақтайтын технологияларды енгізү. 

 3.3. Білім беру  бөлімінің  құқықтары:

·         мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олар орта білім алғанға дейін білім алуын ұйымдастырады;

·         ата-ананың қамқорынсыз қалған кәмелетке жетпеген балаларға қамқоршылық және қорғаушылық және олардың балалар үйлері мен интернатты мекемелерге орналасуын ұйымдастырады;

·         өзіне тиесілі құзырлық көлемінде меншік нышаны мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан жергілікті білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартына сай сәйкестігін жүйелі бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

·         педагогикалық қызметкерлерді аттестациялауды ұйымдастырады және оларға біліктілік санатын береді;

·         кәсіптік мектептерде, кәсіптік лицейлерде және колледждерде мамандар мен жұмыскерлерді дайындауға конкурс негізінде мемлекетті білім беру тапсырысын енгізеді;

·         жергілікті бюджеттен қаржыландыратын білім мен тәрбие беруші мектепке дейінгі, мектептен тыс, орта білім беру мекемелеріне басшы қызметін тағайындайды және босатады;

·         жоғары орындарға мектепке дейінгі, орта білім беру сұрақтары бойынша статистикалық есеп береді;

·         спорт және дене тәрбиесі саласындағы ведомстваға қарасты мекемелерінің қызметін үйлестіреді, туристік және спорттық мекемелермен өзара әрекет жасайды.

·         Туризм және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша әдістемелік басшылық жасайды.

·         Спорт және дене тәрбие даму бағдарламаларының орындалуына және дамыту жұмыстарына қатысады.

·         Мамандарды даярлау, қайта даярлау және кадрлардың біліктілігін арртыру бағдарламасын бекітіп, үйлестіреді, спорт және дене тәрбиесі бойынша мамандар арасында тәжірибе алмасуда әр түрлі оқыту түрлерін ұйымдастырады.

3.4.Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемені қалыптастыру мақсатына қатыссыз қызметпен шұғылдануға құқығы жоқ.

 

4. Мемлекеттік мекеме басқармасы.

 

4.1.      Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды заңға сай анықталған уәкілетті орган жүзеге асырады.

4.2.      Уәкілетті орган заңға сай бекітілген  тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге  асырады:

·         мемлекеттік мекемеге мүлік бекітеді;

·         мемлекеттік мекемені ұстап тұруға сметаны (шығын жоспарларын) бекітеді;

·         мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді қолданылуы  мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

·         мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

·         мемлекеттік мекеменің қабылдаған шешімдер ретін, басқару органдарының уәкілеттілік  мерзімін, қалыптасу тәртібін және құрылымын анықтайды;

·         мемлекеттік мекеме басшысының міндетін, жауапкершілігін және құқығын, оны атқарған қызметінен босатылу негізін анықтайды: мемлекеттік мекеменің штаттық санының шегін және құрылымын бекітеді;

·         жылдық қаржы есебін бекітеді;

·         заңның бекіткен басқа да қызметтерін жүзеге асырады.

4.3.      Заң бекіткен жағдайдан басқа кезде мемлекеттік мекеменің басшысын уәкілетті орын тағайындайды және қызметінен босатады.

4.4.      Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті орынға қалтқысыз бағынады (заң бекіткен жағдайдан басқа кезде) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерінің жүзеге асуына дербес жауапкершілікпен қарайды.

4.5.      Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық көзқарас бойынша жұмыс істейді және мемлекеттік мекеменің қызметіне байланысты сұрақтарды Қазақстан Республикасының Заңы мен аталмыш Ереже  белгілеген  құзырлыққа сай өз бетімен шешеді.

4.6.      Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Заң бекіткен тәртіп бойынша:

·         мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет  жасайды;

·         мемлекеттік мекеменің мүддесін барлық  ұйымдарда ұсынады;

·         заң белгілеген жағдай мен шек бойынша мүлік пайдалануға билік жүргізеді;

·         келісім шарттар бекітеді;

·         сенімхат береді;

·         мемлекеттік мекеменің іс-сапар, машықтану, қызметкерлердің Қазақстан немесе шет ел оқу орталықтарында және басқа да біліктілік дамыту түрлері бойынша білім алу тәртібі мен жоспарын бекітеді;

·         банк есеп шоттарын ашады;

·         барлық қызметкерлерге қатысты бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;

·         уәкілетті орын тағайындаған қызметкерлерді басқа мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

·         мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін марапаттау шараларын қолданады және тәртіп жазасын қолданады;

·         өз орынбасары мен мемлекеттік мекеменің басқа да басқарушы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілік шеңберін (аумағын) анықтайды;

·         заң, аталмыш Ереже және уәкілетті орын жүктеген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік мекеме  мүлігінің   құрылуы және қаржыландыру қызмет тәртібі.

 

 

5.1.    Мемлекеттік мекеменің мүлігі оған  мемлекеттің берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қор мен айналым қаражатынан, сонымен қатар мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.

5.2.    Мемлекеттік мекеменің мүлігі оған тындырымды басқару құқығы негізі бойынша жатады және мемлекеттік меншік болып табылады.

5.3.    Егер мемлекеттік мекемеге пайда келтіретін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен пайда мемлекеттік бюджетке бағытталады.

5.4.    Егер заң актісі бойынша басқа қор  белгіленбесе, мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру тек мемлекет  бюджетінің есебінен жүзеге асады.

5.5.    Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік тіркеу  жүргізеді және заңға сай есеп береді.

5.6.    Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық  қызметіне тіркеуді  заң тәртібіне  сай  уәкілетті орын жүзеге асырады.

 

6.       Мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастырылуы және жойылуы.

 

6.1.    Мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастырылуы мен жойылуы Қазақстан Республикасының заңына сай жүзеге асады.

6.2  Мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да заң актілерінде көзделген негізде және тәртіппен оның мүлкін иеленушінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша және сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін.

6.3 Мекемені тарату туралы шешім қабылдаған құрылтайшы немесе орган бұл туралы

     заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырған әділет органына дереу жазбаша

       хабарлауға міндетті.

6.4  Мекемені тарату туралы шешім қабылдаған құрылтайшы немесе орган тарату

      комисиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне

      және де басқа да заң актілеріне сәйкес таратудың тәртібі мен мерзімін белгілейді.

      6.5.Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған мекеменің мүлкін және ісін

             басқару жөніндегі өкілеттік көшеді.