Халықаралық, республикалық байқауында Күләш Байсеитова атындағы сыйақы тағайындалды
01-12-2023 16:41
Халықаралық, республикалық байқауында Күләш Байсеитова атындағы сыйақы тағайындалды

  30 қараша күні Балқаш қаласының Балалар өнер мектебінде 2023 жылдың 16 қараша айындағы педагогикалық кеңес отырысының №2 шешімі бойынша, жыл сайын дәстүрге айналған мектебімізде оқуын үздік оқитын, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған оқушыларға, Күләш Байсеитова атындағы сыйақы тағайындалды. 2013 жылдан тағайындалып келе жатқан сыйақы иегерлері қазіргі таңда мектебімізден алған білімдерін өнер саласы бойынша жалғастырып, алды үлкен белестерді бағындыруда. Мектебіміздің директоры Жексембекова Г.С. іс- шараны құттықтау сөзімен бастап, сыйақыны шешім бойынша музыка бөлімінің флейта класының 5-ші сынып оқушысы Третьяков Михаил және фортепиано класының 7 -ші сынып оқушысы Шайхов Айдарға табыстады.

Сыйақы иегеріне төсбелгі, сертификат тапсырылып, фотосы құрмет тақтасына орналастырылды. Сонымен қатар ата-анасына Алғыс хат және оқушының жеке шотына әр ай сайын мектеп бюджетінен карточкасына ақшалай 10.000 теңге көлемінде сыйақы аударылып отыратын болды. Стипендия иегерлері алғыстарын музыкалық шығармалары арқылы жеткізіп, өнерлерін ортаға салды. Дарынды шәкірт тәрбиелеп, жұлдызын жарқыратуға шыңдаған ұлағатты ұстаздарға, білімді де білікті, өнерлі де талантты шәкірттеріңіз көп болғай деп тілейміз!!! Сыйақы иелеріне шығармашылық табыс, өнер жолында жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!- демекпіз..