Размер шрифта:
Коронавирустың, тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу мақсатында МДҰ үй-жайларын ағымдағы тазалау жұмыстарын жүргізу жолы
28-04-2021 16:36

Коронавирусты жұқтырудың алдын алу үшін МДҰ-дағы барлық үй-жайлар дұрыс және уақтылы залалсыздандырылғанын қадағалаңыздар. Ұсынылып отырған жаңа мақалада - профилактиканың міндетті және қосымша шараларының алгортитмі берілді. Міндетті іс-шаралар Барлық үй-жайда күніне екі рет: • Тазалау үшін арнайы киім кию. • Жуу құралдарын, ерітінділер мен тазалау керек-жарақтарын дайындау: шелек, шылапшын, швабра, шүберек. • Фрамуганы немесе терезені ашу. • Қоқысты жинап, қоқыс шелегіне апару. • Үстелдің, шкафтың үстіндегі торды және шаңды тазалау және т. с. с. • Жиі ластанатын беттерді жуу құралымен сүрту: есік тұтқасын, шкафтарды, ажыратқыштарды, қатты жиһазды. • Кілемді шаңсорғышпен сору және ылғал қылшақпен тазалау, еденді ылғал сыпырғымен сыпыру. • Еден жуу. Шаң жиналатын жерде мұқият жуу: плинтусты, жиһаздың астын, терезе алдын, радиаторларды. • Жуу және залалсыздандыру құралдарын қолдану арқылы тазалау керек-жарағын жуу, құрғату және таза күйінде сақтау. • Шахтаны сорғылы желдетумен тазалау – ластануына қарай. Қосымша іс-шаралар Спорт залында әр сабақтан кейін: • Спорттық құралды ылғал шүберекпен, төсенішті сабынды-сода ерітіндісін қолдану арқылы сүрту. • Спорт залын кем дегенде 10 минут желдету. Топ бөлмелерін: • Тамақ ішуге дейін және кейін үстелді сабынды ыстық сумен жуу. • Орындықтарды, орау үстелін, манеждер мен басқа жабдықты, сондай-ақ төсейтін клеенканы және клеенкалы кеудешені сабынды ыстық сумен жуу; матадан тігілген кеудешені қолданған соң жууға беру. • Таңбаланған ыдыстардағы ойыншықтарды өңдеу. Күн соңында бір ретте 3-тен 7 жасқа дейінгі балалар тобында, 3 жасқа толмаған балалар тобында күніне екі рет өткізу керек. Жатын бөлмелерінде: Егер жатын бөлмесін ойын бөлмесі ретінде пайдаланса, ұйықтар алдында және ұйқыдан кейін фрамуганы немесе терезені 30 минутқа ашу. Төсек жабдықтарын дайындау немесе жинау; қажетіне қарай аптасына 1 рет ауыстыру.