Covid-2021ж симптомдары
02-02-2021 14:30
Салеметсиздерме кұрметті ата-аналар. 2021 жылғы желтоқсан айында пайда болып, бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирустың ресми атауы – Covid-2019. Коронавирустың қаупі қандай? Қалыпты жағдайда Covid-2021 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус: • бес жасқа дейінгі балаларға; • жүкті әйелдерге; • иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал. Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Covid-2019 симптомдары Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді: • дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература; • құрғақ қатты жөтел; • бастың ауруы; • кеуде тұсының ауруы; • ентікпе және тыныс алудың бұзылуы; • жүрек қағысының жиілеуі; • пневмония; • безгек; • мұрынның бітуі; • фарингит; • диарея. Осындай симптомдарды байқасаңыз, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Коронавирустан қалай сақтану керек? Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері: • Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу; • Қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану; • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз; • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады; • Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз; • Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз; • Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн; • Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз; • Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн; • Бөлмені жиі желдетіңіз; • Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз; • Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз. ________________________________________ Профилактикалық 5 шара Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді: • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу; • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану; • көп адам жиналған орындардан аулақ болу; • науқас адамдармен байланысқа түспеу; • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.