Ата - анамен балабақша бірлестігі.
24-12-2020 11:04

Қыркүйектің 19- 25  аралығында « Жұлдыз » балабақшасында ата аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты: бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту болды. Жиналыста балалардың мінез құлқы, бейімі, қызығушылығы жайлы мәліметтер берілді. Балабақшаның психологы ата-аналармен әртүрлі тренингтер және ойындар өткізді. Ал, тәрбиешілер болса, ата-аналрмен жұмыс барысында әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдерін қолданды. Жиналыс барысында отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық пен достық қарым-қатынас байқалды. Басқосудың соңында ата-аналар бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін және балабақшаға деген алғыстарын білдірді.